Мәскеуде "Интерны" сериалының актеры қайтыс болды

24 Сәуір 2017, 22:34
0
Мәскеуде "Интерны" сериалының актеры қайтыс болды - © Рен ТВ
© Рен ТВ

"Интерны" сериалына түскен актер Казимир Лиске Мәскеуде тұрғын үйдің терезесінен құлап кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды РЕН ТВ. Ресейлік басқа басылымдардың мәліметінше, ол бесінші қабаттан құлады. 

Телеарнаның мәліметінше, 33 жастағы актер алған жарақатымен ауруханаға түскен, алайда дәрігерлер оны құтқара алмаған. Ол алған жарақатынан қаза тапты. Әртістің таныстары әлеуметтік желіде көңіл айтып жатыр. Осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды. 

Казимир Лиске АҚШ азаматы. Ол әйелі және баласымен бірге Мәскеуде тұрған. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай