03 сәуір 2015 19:18

"Менің сүйіктімнің кейіпкері" фильмі қазақстандық прокатқа 30 сәуірде шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түсірілім сәті Түсірілім сәті

Қырғызстан режиссері Руслан Акунның "Менің сүйіктімнің кейіпкері" ("Герой моей девушки") фильмі қазақстандық прокатқа 30 сәуірде шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан режиссері Руслан Акунның "Менің сүйіктімнің кейіпкері" ("Герой моей девушки") фильмі қазақстандық прокатқа 30 сәуірде шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер "Салам, Нью-Йорк" картинасынан кейін таныла түскен болатын. Бұл фильм Қырғызстанда ең көп қаражат жинады. "Менің сүйіктімнің кейіпкері" - оның үшінші толықметражды жұмысы. Айта кетейік, басты рөлде "Жаужүрек мың бала" фильмімен танылған 22 жастағы қазақстандық актриса Әлия Телебарисова ойнады. Фильмде оның серігі болып "Екі адам" ("Эки адам") танымал жобасының актері Жеңіс Мейрамбеков (Жениш Майрамбеков) болды.

Фильм университеттің ең әдемі қызы Қаныкейге өлердей ғашық болған Тілек есімді студенттің оқиғасын баяндайды. Жігіт оның жүрегін адалдығымен жаулағысы келеді. Бірақ оның жолын осы оқу орнындағы тағы бір студент Расул кеседі, Тілек одан басым түсе алмайды. 

"Бұл біреудің арманына жүгірудің қажеті жоқ екенін, жасандылыққа бармау керек екенін айтатын қайырымды, жеңіл фильм болады. Өз мақсатыңа жету жолында оңай жолды таңдамау керек. Өмірдің ең бір қиын сәттерінде де өз меніңді жоғалтпауың қажет", - деді фильм режиссері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети