Назарбаевтың қыздарының ролін кімдердің сомдайтыны белгілі болды

03 Қараша 2015, 14:15
1
Назарбаевтың қыздарының ролін кімдердің сомдайтыны белгілі болды - Бибігүл Сүйіншалинаның Instagram желісіндегі суреті
Бибігүл Сүйіншалинаның Instagram желісіндегі суреті

Қазақстандық актрисалар Қарлығаш Мұхамеджанова мен Бибігүл Сүйіншалина Тұңғыш Президент туралы жаңа фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздарының ролін сомдайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жас актриса Бибігүл Сүйіншалина Instagram желісіндегі парақшасында жария етті. "Жұлдыздар осылай жанған еді" ("Так сложились звезды") фильміне костюм таңдау кезінде керемет @karlygashmuhamedzhanova-ны кездестірдім. Ол менің әпкем Дариға Назарбаева болып роль ойнайды, ал мен Динараның. Айтпақшы, екеуміз де опа-далапсыз тұрмыз", - деп жазды Сүйіншалина. 

Еске салайық, Президент туралы фильмнің бесінші бөлімін ресейлік режиссер Сергей Снежкин түсіріп жатыр. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде бесінші бөлімде Берік Айтжанов ойнайды, алдыңғы бөлімдерінде Президент болып Нұрлан Әлімжан ойнаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай