23 сәуір 2019 16:58

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы алғашқы Comic Con өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Verge © The Verge

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы алғашқы Comic Con өтеді. Фестивальге билеттерді бүгіннен бастап сатып алуға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы алғашқы Comic Con өтеді. Фестивальге билеттерді бүгіннен бастап сатып алуға болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 31 мамырдан 2 маусымға дейін комикстер индустриясы және оларға негізделген танымал өнерге арналған фестивальдік брендтердің бірі - Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық Comic Con - 2019 фестиваль-көрмесі өтеді.

1974 жылы АҚШ-та пайда болған Comic Con жобасы барлық комиксті ұнататындар, киномандар, видеоойындар, мультфильмдер және сериалдардың жанкүйерлері арасында кеңінен танымал. Бұл фестиваль - ірі комикстер әлемі авторларының өз аудотриясымен кездесетін дәстүрлі алаңы. 

"Гик әлемінің" жарқын оқиғаларының бірі Балаларды қорғау күніне орайластырылған. Ал Қазақстандағы фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Astana Convention Bureau ұйымдастырмақ.

Әр алуан және жарқын фестиваль бағдарламасы құқық иелерімен келісілген. Шара барысында кездесулер, премьералар және арнайы көрсетілімдер, косплейлар және жаңалықтар мен халықаралық студиялар мен компания өнімдерінің ресми таныстырылымы өтеді деп күтілуде. Халықаралық студиялардың арасында Marvel, HBO, Nickelodeon, Cartoon Network, Sony Pictures Television, Wargaming бар.

Фестивальді өткізу үшін "Зияткерлік меншіктің ұлттық институты" РМК халықаралық патенттік бюросында Comic Con сауда маркасы ресми түрде тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Comic Con-ға қазақстандықтар және Таяу және Алыс шет елдерді қоса алғанда 70 000 қонақ қатысады деп күтілуде. Шараның қатысушылары комикстар әлеміндегі осы жылдың басты премьераларын көру, супер қаһармандар костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен суретке түсу мүмкіндігін алады.

Фестивальге барлық танымал жергілікті және шетелдік комикстердің авторлары, баспалар, киностудиялар, компьютерлік және үстел ойындарын құрастырушылар, танымал аниме мен манга авторлары қатыспақ.

"Суретші-иллюстраторлар, сценаристер және комикстер авторлары, баспалар және косплейге қызуғушылар конкурстық негізде өз жұмыстарын фестиваль стендінде көрсете алады.

Мульти әлемнің қаһарманы болу үшін, кішігірім тапсырманы орындау керек. Қатысуға ниет білдіргендер портфолионы толтырып, ықтимал қатысушы Комикстер әлемінде қандай қаһарман болатынын жазып хат жіберуі шарт" - деп мәлімдеді Astana Convention Bureau-да.

Қатысуға өтінімдерді info@comicconastana.com электронды поштасына жіберуге болады. Билеттер 23 сәуірден сатылымда. Өтетін орны - Нұр-Сұлтан қаласының конгресс-орталығы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети