28 желтоқсан 2016 15:27

Нұрлан Қоянбаев "қазақша бизнестің" қалай жасалатынын көрсетіп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Бизнес по-казахски" комедиясының алдын ала көрсетілімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмнің бас продюссері белгілі тележүргізуші, бұрынғы КВН ойындарының майталманы Нұрлан Қоянбаев болды.  


Алматыда "Бизнес по-казахски" комедиясының алдын ала көрсетілімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильмнің бас продюссері белгілі тележүргізуші, бұрынғы КВН ойындарының майталманы Нұрлан Қоянбаев болды.  

Фильмді түсірушер түсірілім кезінде қазақылыққа жүгінуге тура келгенін айтты. 

"Біздің фильмде үнді актері Сиддхартх Шукла ("Келін" сериалының жұлдызы) түсті. Ол өз келісімін берген уақытта біз S-класс санатындағы көлікті, ең жақсы қонақүйді және тағы басқаларын іздей бастадық. Біз қонақжай ел емеспіз бе? Достарымызға хабарласып, көліктің таза әрі жаңа болуын сұрадық. Құдайға шүкір жақсы достарымыз бар, жалпы Қазақстанда достық жақсы бағаланады сол себепті де бірімізге біріміздің көмегіміз тиіп жатады. Кейбіреулер "қазақша" дегенді теріс ұғып жатады. Ал менің ойымша, "қазақша" деген сөздің мағынасын жақсы әрі кеңпейілді деп қабылдайтын уақыт жетті. Біздің өз заңдарымыз бар, әрине Батыс мәдениеті де өз ықпалын жүргізіп жатыр. Бірақ сонда да әр өңір өз менталитетімен қалады. Сол себепті де өз менталитетіңнен, болмысыңнан ұялудың қажеті жоқ", - деді Нұрлан Қоянбаев. 


Нұрлан Қоянбаев, Сиддхартх Шукла және Жеңісхан Момышев

Болливуд жұлдызынан басқа фильмде қазақстандық актерлер де түскен, солардың қатарында Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Әбунасыр Серіков, Құралай Анарбекова, Максим Акбаров және әнші Төреғали Төреәлі бар. Киноның режиссері клипмейкер әрі әнші Жеңісхан Момышев болды. Сценарий авторлары: Әлишер Утев және Арыстан Каунев.

"Біз Сиддхартхаға фильмге түсуге ұсыныс тастағанымызда, ол өзіне Қазақстанның қатты ұнағанын айтты. Шет елде бірінші рет түскенін мойындады, оған қазақстандық актерлерге төлейтіндей гонорар бердік. Ол ет жемейді екен, тек шөп қана. Мен продюсер ретінде "қандай жақсы, не деген күшті райдер" деп ойладым", - деп әзілдеді Қоянбаев. 

 

Фильмнің сюжеті бойынша, Жомарт есімді кәсіпкердің қонақүйіне ірі инвестор қызығушылық танытады. Тура тақалған уақытта, қонақүйдің ашылу салтанатын жасайтын уақытта барлық қызметкерлер жұмыстан шығып кетеді. Көмекке Жомарттың туыстары келеді, фильмді түсірушілердің айтуынша, "адам адамға қасқырдай болса, Қазақстанда адам адамға - туысқан". Осылайша, Жомарт өзінің туыстарымен бірге "қазақша бизнестің" қалай жасалатынын көрсетеді. Фильм 2016 жылы 29 желтоқсанда жарыққа шығады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети