Нұртас Адамбаев "Мен тоқалмын" атты комедия түсіріп жатыр

23 Қаңтар 2017, 14:51
0
Нұртас Адамбаев "Мен тоқалмын" атты комедия түсіріп жатыр - © Baistars.kz
© Baistars.kz

Белгілі қазақстандық актер, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбаев "Мен тоқалмын" атты кезекті комедиясын түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Шынын айтқанда, комедияны сағындым. Біз тоқал образын басқа тұсынан көрсетуге тырысамыз. Біздің заманымызда тоқалдың өмірі қандай және нендей қиындықтарға тап болатыны туралы. Сонымен бірге, тоқалдың басындағы қызықты жайттарды да көрсетеміз. Мақсатымыз тоқалды келемеждеу емес, біз бұл жақсы немесе жаман деп ақыл айтпаймыз. Тек жеңіл, отбасылық, артықшылықсыз комедия ғана", - дейді Адамбаев.

Қазір режиссердің командасы комедияға актер алып жатыр. Бұл киноға әнші, актриса және тележүргізуші Нағима Есқалиева, режиссердің өзге киноларынан белгілі Жан Ізбасар түсуі мүмкін. Режиссердің өзі де фильмде бой көрсетеді. Актердің сөзінше, комедия жаз кезінде түсіріледі, ал әзірше ол "Лифт" драмасын түсіруге дайындалып жатыр. Айта кетейік, "Лифт" драмасында Адамбаевты актер ретінде көре алмаймыз.

"Ақпаннан бастап "Лифт" фильмінің түсірілімін бастаймыз. Бұл триллер көріністері бар психологиялық драма болады. Қызықты әрі терең кино болады деп үміттенемін. Мен осынша ұзақ уақыт сценарийді әлі жазып көрмегенмін. Бұл жобаны тоқтатып қойғым келген, бірақ, сценарий есіме түскен сайын бұл кино жарыққа шығу керек деген шешімге келдім. Драма жанры табысты болмайтыны маңызды емес. Түрлі бағыттағы кино түсіргім келеді. Бұл фильмнің кадрларынан мені көрмейсіздер, режисссердің орындығына жайғасамын, айтпақшы, орындық алып қою керек. Драма - бұл жұмыс, ал комедия - демалыс секілді", - дейді ол.

Айта кетейік, Адамбаев "Мен тоқалмын" комедиясын 2016 жылы Вьетнамға сапары кезінде жаза бастаған. Елге қайтар жолында "Тараз" фильмінің сценариіне кіріскен. Оның айтуынша, ұшақта отырып, сценарий жазу сүйікті ісіне айналған. Сонымен бірге, режиссер "Тараз" драмасынан шығын көрмегенін айтады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай