Нұртас Адамбаевтың фильмі Kinopark прокатынан не үшін алынды

07 Желтоқсан 2015, 16:26
3
Нұртас Адамбаевтың фильмі Kinopark прокатынан не үшін алынды -

Kinopark кинотеатрлар желісінің даму және PR бойынша директоры Ерлан Бұхарбаев "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмінің прокаттан алыну себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм режиссері әрі сценарий авторы Нұртас Адамбаев фильмнің прокаттан не себепті алынғанын білмейтінін айтты. "Біз нақты бір себеп естімедік. "Меломан" компаниясының бұған қатысы жоқ. Мұндай шешімді Кинотеатр қабылдады. (...) Kinopark фильмге адамдардың көп келгеніне қарамастан оны алып тастады. Шынымды айтсам, мұндайдан кейін іске қолың бармайды (...)", - деді Нұртас Адамбаев.

Ал Ерлан Бұхарбаев келісімшартты орындалғанын алға тартты. "Компания өзіне жүктелген міндетті толықтай орындады - 26 қарашадан бастап Kinopark кинотеатрларында фильм көрсетілді. Фильм прокатта екі апта болғаннан кейін оны алып тастау әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Біз Адамбаевтың фильмін 10 күн көрсету туралы келісімшартқа отырдық. Сондықтан да басқа фильмдердің прокатқа шығуына мүмкіндік беруіміз керек. Оның үстіне "Адель" фильмі шығады", - деді ол.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай