11 тамыз 2017 10:18

"Отель Элеон": қалай да көру керек!

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 арна әйгілі ресейлік "Отель Элеон" телехикаясын ұсына отырып, бұрынғы естеліктеріңізді жаңғыртып, қым-қуыт хикаялар әлеміне бір сүңгіп шығуға шақырады. Жүрегіңізді жаулаған "Кухня" телехикаясының спин-офф нұсқасы әлдеқайда ширақ, әлдеқайда күлкілі, кейіпкерлері де әлдеқайда қызықтырақ. Сонымен қатар, бірегей хикая бұл жолы детективпен, экшнмен, кейіпкерлердің небір қитұрқылықтарымен өрілген.  


31 арна әйгілі ресейлік "Отель Элеон" телехикаясын ұсына отырып, бұрынғы естеліктеріңізді жаңғыртып, қым-қуыт хикаялар әлеміне бір сүңгіп шығуға шақырады. Жүрегіңізді жаулаған "Кухня" телехикаясының спин-офф нұсқасы әлдеқайда ширақ, әлдеқайда күлкілі, кейіпкерлері де әлдеқайда қызықтырақ. Сонымен қатар, бірегей хикая бұл жолы детективпен, экшнмен, кейіпкерлердің небір қитұрқылықтарымен өрілген.  

"Отель Элеонның" бірінші маусымында көрермендердің назарына бұрынғыдай асхана мен мейрамхана өмірі емес, қонақүйдің ішкі тыныс-тіршілігі ұсынылған.  

…Виктор Баринов зейнетке шыққан, Элеонора Андреевна қиялындағы ханзадасын жолықтырған... "Кухня" телехикаясының алтыншы маусымы осылай аяқталған болатын. Бірақ онымен өмір тоқтап қалған жоқ. Михаил Джекович "Элеонның" тәртібіне жауап береді, ал Victor мейрамханасының бас аспазы болып Сеня тағайындалған. Алайда бір күні қонақүйге бұрынғы иесінің жолы болмаған жиені Павел басшы болып келеді де, "Элеонның" қалыпты тіршілігі бұзылады. Әпкесінің қиын шарттарын орындау үшін жас жігіт Брюссельден суперменеджер София Толстаяны шақырып алады. Жаңа басқарушы келе сала өз ережесін енгізіп, қонақ үйдің үйреншікті тәртібінің ғана емес, кейіпкерлердің жеке жоспарларының да астаң-кестеңін шығарады. Нағыз қызық әлі алда...

Түсірілім алдында декорациялар қайта қалпына келтіріліп, жаңа телехикаяға арнап түрліше өзгерістер енгізілген.Асхананың көлемі кішірейтіліп, оған спа-салон, бассейн, президенттік люкс және кір жуатын бөлме қосылған. Декорация жасаушылар алдымен шын қонақүйлерге барып, қонақ үй бөлмелерінің орналасу тәртібін зерттеп, шабыт алып қайтқан. Содан соң жинаған білімдерін тәжірибеде қолданған. Айтқандай, "Отель Элеон" телехикаясының басты ерекшелігі - қызметші әйелдер. Себебі олардың арасында шынымен де аталған кәсіп иелері бар. Олар, негізінен, "Кухняда" да болған. Бірақ бұл жолы формалары өзгеріске түсіп, көзтартар декольте мен мықындарын айшықтайтын корсет сияқты элементтер қосылған. 

Жұлдызды кейіпкерлер, кір жуатын бөлмеде туған махаббат және Венеция карнавалы ішіңізді пыстырмай, керісінше өзіне ынтықтыра түседі. Сенбесеңіз, 31 арнада басталатын әйгілі спин-офф "Отель Элеон" телехикаясын тамашалаңыз! Күтпеген кездесулер, қауіпті бейтаныстар, адам сенгісіз тағдыр қалтарыстары - бәрі осында! 

14 тамыздан бастап 19.00-де 31 арнада "Отель Элеон"! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети