13 сәуір 2018 11:38

"Ойыншық" фильміндегі баланың тағдыры қалай өрбіді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ойыншық" фильмінен үзінді "Ойыншық" фильмінен үзінді

1977 жылы кеңестік кинотеатрларда Пьер Ришардың қатысуымен француздық "Ойыншық" (Le Jouet) комедиясы көрсетілген. Фильмде Пьер Рамбаль-Коше есімді миллионердің ұлына ойыншық ретінде сатып алып берген Франсуа Перрене есімді журналистің оқиғасы миллиондаған көрерменге ұнағаны сөзсіз. 


1977 жылы кеңестік кинотеатрларда Пьер Ришардың қатысуымен француздық "Ойыншық" (Le Jouet) комедиясы көрсетілген. Фильмде Пьер Рамбаль-Коше есімді миллионердің ұлына ойыншық ретінде сатып алып берген Франсуа Перрене есімді журналистің оқиғасы миллиондаған көрерменге ұнағаны сөзсіз. 

Фмльмде басты рөлде жас Фабрис Греко ойнайды. Фильм шыққаннан кейін 10 жастағы бала бір мезетте жұлдызға айналды. Режиссерлар оған жаңа ұсыныстар жасап, баланы басқа да фильмдерді көруге шақырған. Алайда бал осы фильмнен кейін ешқандай картинаға түспеген, - деп жазады "Экспресс-газета"

Жас Фабрис ата-анасымен бірге Париж маңында тұрған. Оның өз табынушылары пайда болған, ал үй маңында күн сайын жанкүйерлер мен журналистер торуылдаумен болған. Хат салатын жәшік толып кететін болған және жай ғана серуендеп қайту ол үшін мүмкін емес жағдайға дейін жеткен. 

Бірде көшеде кетіп бара жатқан жерінен балаға белгісіз біреу шабуыл жасаған. Бала осыдан қатты қорқып қалған. Жергілікті билік өкілдері баланың күзетіп жүретін полиция қызметкерін де берген. Алайда жас кино жұлдыздың ата-анасы Фабристі жағдай тынышталмай үйден шығармауды шешкен. 

"Ойыншық" фильмінен кейін Фабристің отбасына танымал режиссерлар жаңа рөлдер ұсынды. Алайда баланың әкесі қомақты қаражат сұрағаннан кейін, кино саласының мамандары ұсыныс жасауды қойған. Әкесі де осы есеппен осынша қаражат талап еткен болуы мүмкін, себебі танымалдылықтың зардабы қатерлі болған. 

Баланың ары қарайғы өмірі киномен байланысы жоқ. Фабрис мектепті тәмәмдап, колледжге түсіп, инженер программист мамандығын алған. Ол интернет компанияда веб-дизайнер болып жұмыс істей бастаған. Үйленіп, қызды болған.

Қазіргі уақытта Греко қарапайым өмір сүріп, журналистердің назарынан тыс болуды қалайды екен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети