Райан Гослинг "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды

09 Қаңтар 2017, 10:01
0
Райан Гослинг "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды - Райан Гослинг © yle.if
Райан Гослинг © yle.if

Канадалық актер Райан Гослинг "Ла-Ла Ленд" картинасындағы рөлі үшін үздік ер адам номинациясы бойынша "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды NBC телеарнасы. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтіп жатыр.

Сондай-ақ, осы жүлдеге Хью Грант ("Флоренс Фостер Дженкинс"), Колин Фаррелл ("Лобстер"), Райан Рейнольдс ("Дедпул") пен Джон Хилл за ("Парни со стволами") таласқан болатын.

Айта кетейік, бұл - Гослингтің ең алғашқы жүлдесі. Ол осыған дейін төрт рет "Алтын глобус" жүлдесіне және бір рет "Оскар" жүлдесіне ұсынылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай