02 маусым 2015 00:26

"Рэкетир" жұлдызы салмақ тастаудың сырын ашпақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com/murat.bissenbin ©Facebook.com/murat.bissenbin

Көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы таныс актер Мұрат Бисембин таяу уақытта арықтауының құпиясын ашпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы таныс актер Мұрат Бисембин таяу уақытта арықтауының құпиясын ашпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі актердің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Өнерпаз Желіге өзінің екі суретін салды. Бірінде оның салмағы 158 келі де, ал екіншісінде 95 келі тартатын кезі түсірілген. "Менің трансформациям. Сол жақта 158 келі, оң жақта 95 келі. Өз кезінде көп еңбек еттім. Таяу арада қалаған адамдарға кеңес айтуды жоспарлап отырмын", - деп жазды актер. Сонымен қатар, актердің айтуынша, мұндай нәтижеге ол екі жыл ішінде қол жеткізіпті.

Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына берген жауабында ол салауатты өмір салтын ұстануға қатысты қазақ және орыс тілдерінде ақыл-кеңестерді дайындап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ тілінде сөйлейтіндер үшін мұндай мәлімет өте аз. "Меніңше, қазақ тілінде денсаулықты күтуге байланысты мәліметтер өте аз. Бұл дұрыс емес", - деді актер. "Ал консультацияларға келетін болсақ, оларды бір жүйеге келтіріп, оларды ақылы еткім келеді, бірақ бұл кеңестер қымбат болмайды, - дейді актер. - Әйтпесе бұл жұмыстар көп уақытты талап етеді. Оның төлем жолдарын ойластыру керек. Клиенттер үшін ыңғайлы болатын жолдарын қарастырамын".

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети