01 шілде 2015 16:45

Робин Уильямс қате диагноз қойылғандықтан асылып өлген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Робин Уильямс. © REUTERS Робин Уильямс. © REUTERS

Актер Робин Уильямс өзіне қате диагноз қойылғандықтан асылып өлген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Radar Online.


Актер Робин Уильямс өзіне қате диагноз қойылғандықтан асылып өлген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Radar Online.

Тілшілердің қолына сот медициналық зерттеу сарапшыларының қорытындысы түскен. Зерттеу Робин Уильямстың өліміне асфиксия себеп болғанын көрсетті. Айта кетейік, актер өзінің жатын бөлмесінде тұрған есік тұтқасына асылып өлген еді. Алайда жүйке жүйесін емдейтін дәрігердің есебіне қатысты біршама сұрақтар пайда болды.

Басылымның мәліметінше, Робин Уильямс ауруы когнитивті функциялардың ұзақ мерзімді істен шығуы, есте сақтау қабілетінің, сөйлеудің және ойлаудың үдемелі түрде бұзылуы деп сипатталады. Дәрігерлер оны треморға, күйзеліске, мазасыздыққа және бірқатар когнитив бұзылымына душар болған деп қорытты. Аурудың бұл белгілері Паркинсон ауруынан да, Леви ауруынан да табылады. Соңғы ауру көбінде Альцгеймер ауруымен шатастырылады екен. 

2014 жылы Робин Уильямс Паркинсон ауруына қарсы ем-дом ала бастады, алайда оның жағдайы түзелмеді. Сол кезде ол "Леводопа" дәрісін қабылдай бастайды. Ал бұл дәріні ішкен адамға, басылым мәліметінше, суицид жасау туралы ойлар келе бастайды.

"Егер Робин Уильямс тірі болғанда өзіне қате диагноздың қойылғаны белгілі болса, ол өзін-өзі өлтіруге дейін барар ма еді? Бүгін, қайғылы оқиға болғаннан кейін бір жыл өткенде жауабы жоқ сұрақтар көбейді", - деп жазады басылым.

Еске салайық, танымал актер Робин Уильямс 11 тамызда Калифорния штатындағы өз үйінде өлі күйінде табылған болатын. Актердің қолында пышақ іздері табылған.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети