27 мамыр 2016 17:26

"Сабина келін" және "Ауылдан қашу" фильмдерінің жұлдызы Айнұр Ілиясова тұрмысқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

"Сабина келін" және "Ауылдан қашу" фильмдерінің жұлдызы Айнұр Ілиясова тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сабина келін" және "Ауылдан қашу" фильмдерінің жұлдызы Айнұр Ілиясова тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса мен оның сүйіктісі Дәулеттің үйлену тойы 3 маусым күні Алматы қаласында өтеді. Айнұрдың айтуынша, екі жасты бірнеше жыл бұрын ортақ достары таныстырған.

"Өте ерекше адам, ақылды. Ер адам ретінде маған көңіл бөлетіні ұнайды. Ол шығармашылық адамы емес, сонымен қатар ел алдына шыққанды ұнатпайды. Бір-бірімізді жақсы көреміз, түсінеміз. Өмірді, адамдарды, қоршаған ортасын бағалайтын екі адам кездесті деп айта аламын. Біз бұл қадамға ақылды түрде келдік", - деді Айнұр.

Айта кетейік, Айнұр Ілиясова Өскемен қаласында туып-өсіп, 2010 жылы Алматыға келген. "Ауылдан қашу", "Парыз", "Бажалар", "Сырғалым","Сырғалым-2" телехикаяларына, сонымен қатар, "Сабина келін" толық метражды фильміне түскен. 2015 жылы Ілиясова "Сабина келін" фильміндегі ролі үшін "Екінші пландағы үздік әйел ролі" номинациясын жеңіп алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети