08 маусым 2018 19:03

Самал Еслямова Канн кинофестивалі, гонорары және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Самал Еслямова сұхбатында фестивальден кейінгі өміріндегі өзгерістер, Мәскеудегі оқуы, гонорары және алдағы жоспары жайлы әңгімеледі.

"Петропавлдан үйден келдім. Кішкене демалдым. Осы жолғы демалыс басқаша болды. Біріншіден, сұхбаттар. Содан кейін туған туысқандар. Әдеттегідей болған жоқ. Уақытым аз болды. Барлығын тез-тез үлгеру керек болды (...)", - дейді актриса.

Сондай-ақ, Самал Еслямова журналист болуды армандағанын айтады. "Актриса боламын деп ойлаған жоқпын. Әжем өте жақсы ән айтқан екен. Әкем өзі домбыра тартады. Ал әкем менің өнер жолында болғанымды армандайтын. Өзімнің әпкем сырнайшы. журналист болам дегенде ешкім қарсылық білдірген жоқ. Бірақ сол кезде олар маған биыл теартда курс ашылып жатқанын айтты. Сол кезде папам "осыны көр" деп айтты. Әкем өзі итермеледі", - деп еске алды Самал Еслямова.

Мұнымен қоса, актриса қазіргі уақытта көп ұсыныстың түсіп жатқанын айтады.

"Ұсыныстар көп. Қазір көп түсіп жатыр. Сценарийлерді оқу керек, оған уақыт керек. Әр рөлге дайындалу керек. Осы кино бітер алдында бір ұсыныс түсті. (...) Ананың рөлін сомдайтын шығармын. Қыркүйек, қазан кезінде. Кейін Еуразия фестиваліне қазылар алқасы болуға шақырды", - деп бөлісті жоспарларын актриса. 

Сонымен қатар, Самал Еслямова жан дүниесіне жат адамды сомдай алмайтынын айтып өтті. Бірақ, айтуынша, шетелге ұсыныс түссе, актриса кетуге дайын.

"Барамын, бірақ көшіп кететін ойым жоқ. 1 жыл уақыт болса барып келіп жүремін. Бірақ азаматтығым Қазақстан болып қала береді", - деді Самал Еслямова.

Ал гонорар жайлы сұраққа актриса былай деп жауап берді.

"Менің нақты бір гонорарым болған емес. Мен үшін ең бастысы - өнер, ең бастысы - шыққан рөл. Мен бұл өнерге ақша тапсам деп келген жоқпын", - деді Самал Еслямова.

Еске сала кетейік, Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған болатын. Ол 1984 жылы 1 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. 2011 жылы ресейлік ГИТИС театр өнері институтының актерлік факультетін тәмамдаған.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Нұржан Керменбаев,  Маржан Арапбаева, әнші Ақбота Керімбекова, әнші Қайрат Түнтеков, әнші, "КешYou" экс-солисі Айдана Меденова, қоғам белсендісі әрі тележүргізуші Аружан Саин, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова, "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети