30 шілде 2015 18:40

Санжар Мәдиев "Қорғаушылар" фильмінің түсірілім жұмыстары туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжар Мәдиев. © Instagram Санжар Мәдиев. © Instagram

Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев Tengrinews.kz тілшісіне ресейлік "Қорғаушылар" фильмінің түсірілім жұмыстары туралы айтып берді.


Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев Tengrinews.kz тілшісіне ресейлік "Қорғаушылар" фильмінің түсірілім жұмыстары туралы айтып берді.

Режиссер Сарик Андреасянның картинасының түсірілімі 27 сәуірде Мәскеуде басталып, маусым айына дейін жалғасты. "Қорғаушылар" киномиксі кеңес республикалары батырларының өмірі туралы. Олар ғалым Август Куратовқа (Станислав Ширин) қарсы шығады. Аюға айнала алатын орыс батырының ролін Антон Пампушный ойнайды. Тастарды басқара алатын армян батырын Себастьян Сисак Григорян сомдайды. Ал Алина Ланина суда жоқ болып кеттін қыз болады.

Санжар Мәдиев фильмде желден де жылдам қазақтың Хан батырының рөлін сомдады. "Кастинг туралы мен кездейсоқ білдім, досым хабарласып, кастинг болып жатқанын, өзім туралы мәліметтерді тезірек жіберуім керек екендігін айтты. Мен мәлімдемені соңғы күні жібердім. Кастинг үш этаптан тұрды, төртінші күні мен келісімшартқа отыру үшін Мәскеуде болдым", - деді Мәдиев.

Дайындық бір жарым айға созылды, содан кейін түсірілім жұмыстары басталды. Түсірілім барысы туралы айта отырып Мәдиев өз ролін алып шығу үшін өте қиын қимылдар орындағанын, ал қатты қиындарына каскадерлер түскенін айтты. Айта кетейік, Санжар Мәдиев "Елесті аулау" фильмінде де Никита Пресняков екеуі осындай қиын рольді ойнаған болатын.

"Қорғаушылар" фильмінде шығыстық ушу және кунгфуына ұқсас элементтер болды. Батырдың киімімен мен жүгіріп, секіре алмадым. (...) Мен ойнаған батыр - бұрынғы киллер, ол өз қылышы арқылыөте шапшаң төбелеседі", - деді актер.

"Түсірілім өте қызықты өтті. Біз америкалық фильмдердегі бэкстейдждерді бэкстейдждерді көрдік, сұнда да тура сондай болды. Пампушный аюдың киімін киген кезде біз оның басына жоғары қарадық, кейін нағыз аюды бейнелеген кезде біз оның мойнына емес, көзіне қарадық. Қаланың қиратылғанын үнемі елестетіп отыруға тура келді. Мұндай түсірілімдерде қиялдау керек", - деді Мәдиев.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети