04 наурыз 2016 15:27

Саша Барон Коэн "Борат" фильмінде порноэпизод болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ағылшын актері Саша Барон Коэн "Борат" фильмінде порнокөрініс болғанын, бірақ оның кесіліп қалғанын айтты, - деп хабарлайды NME. Картинаның эпизодтарының бірінде бас кейіпкер ересектерге арналған киноға қатысуы керек болыпты. Бұл қойылымға кәсіби порноактерлер қатысыпты.

Коэн фильмдегі кесіліп қалған эпизод жайлы америкалық тележүргізуші Конан О'Брайанның шоуында айтып берді. Актердің айтуынша, мұндай көріністі түсіру туралы идея түсірілім тобы жатқан қонақүйде порно түсіріліп жатқанын білген кезде келіпті. "Борат" фильмін түсірушілердің ойынша, бас кейіпкер порноактер болып нәпақа тауып көргісі келіпті. Ал порноэпизодттың неліктен кесіліп қалғанын актер атамады.

Саша Барон Коэннің фильмі бірнеше жыл бұрын түсірілген. Онда автор қазақстандық журналист Борат Сагдиев болып ойнап, өзі ешқашан болып көрмеген ел жайлы айтып береді. Фильм әлемде дүрлігу туғызса, Қазақстанда өткір сынның астында қалды. 

Айта кетейік, комик өзінің "Братья из Гримсби" деп аталатын соңғы жобасын жарнамалап жүр. Коэн бұл фильмде футбол жанкүйері Луи Летерье болып ойнайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети