Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Сен және мен" фильмінің режиссері жаңа картиналарына актерлерді іздейді

01 Ақпан 2016, 16:07
2
"Қыз бен жігіт" фильмін түсіру сәті
"Қыз бен жігіт" фильмін түсіру сәті

"Сен және мен" ("Он и Она") фильмінің режиссері Сәкен Жолдас жаңа фильміне түсетін актерлерге кастинг жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссердің айтуынша, ол 2016 жылы өзінің командасымен отандық екі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр: романтикалық комедия және драмалық триллер. Комедияның алғашқы көрсетілімі 2016 жылдың күзінде болады деп жоспарланды. Киноның түсірілім жұмыстары көктемнің соңында басталады. Ал екінші жобаның сценарийі әлі аяқталмады, қосымша ақшалай көмек іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, режиссер өзінің алғашқы "Сен және мен" кинотуындысына актерлерді кастинг арқылы алған болатын. Сол кезде түсірілім тобына Динара Бақтыбаева мен Жандос Айбасов ұнап,  кейін фильм прокатқа шыққанда олар зор сұранысқа ие болды. Жандос тіпті Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильміне түсіп, "Киношокта" үздік ер адам ролі үшін марапатталды.

"Мен Қазақстанда нағыз таланттардың көп екендігіне сенемін, өздері басқа салада жұмыс істеп жүрсе де, ешқашан актерлік жолға түсуді ойламаса да. Сол себепті "Сен және мен" фильмі сияқты біз халық арасынан жаңа адамдарды іздейміз. Адамдар бір-бірімен бөлісуі үшін біз арнайы промо-ролик дайындадық. Кім біледі, мүмкін олардың біреуі біздің киномыздың бас кейіпкері болатын шығар", - деді Сәкен Жолдас.

"Негізі менің байқағаным, барлық жобамызда осы уақытқа дейін тәжірибесі болмаған актерлер қатысыпты. Мысалы жақында біз "Қазпоштаға" әке мен бала туралы оқиға түсірдік. Осы жобаны түсіргенде мен бір адамды көшеден кездейсоқ кездестіріп қалдым, кейіннен ол басты ролде ойнады. Роликтің Интернетке шыққан күнінен бастап, ол Facebook желісінің өзінде 20000 рет қаралды. Ролик туралы жағымды пікірлерді естігенде, біз актерлерді таңдаудан қателеспегінімізді түсіндік", - деді режиссер.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай