"Спрут" жұлдызы Микеле Плачидо қазақстандық-италиялық фильмге түседі

16 Ақпан 2018, 13:20
0
"Спрут" жұлдызы Микеле Плачидо қазақстандық-италиялық фильмге түседі - Микеле Плачидо. "Спрут" телесериалынан үзінді
Микеле Плачидо. "Спрут" телесериалынан үзінді

Қазақстанда италиялық актерлердің қатысуымен кинокомедия түсіріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне продюсер Майра Қарсақбаева айтып берді. 

"17 қаңтарда италиялық продюсермен жобаны түсіру туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл кинокомедияға танымал италиялық актер әрі кинорежиссер Микеле Плачидо қатысады. Сонымен қатар, фильмге италиялық актер Риккардо Скамарчо түседі. Фильмнің сценариін италиялық және қазақстандық авторлар жазды. Жобаның 50 пайызын Италия 50 пайызын Қазақстан қаржыландырады", - деді Қарсақбаева. 


Майра Қарсақбаева мен Микеле Плачидо. Сурет жеке мұрағатынан.

Продюсердің айтуынша, түсірілім Италияда және Қазақстанда жүргізіледі. 

"Түсірілімдер Венеция, Помпей, Рим, Турин сынды италиялық қалаларда жүргізіледі, ал Қазақстанда Астана мен Алматыда өтеді", - деді ол. 


Майра Қарсақбаева мен Микеле Плачидо. Сурет жеке мұрағатынан.

Сонымен қатар, қазақстандық продюсер Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти мен Рандипа Худаның қатысуымен тағы бір фильм түсіріп жатыр. 

Еске салайық, Голливуд және Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти қазақстандық жобаларға қатысатыны хабарланды. Бұл туралы Еуразиялық кинофестиваль директоры Майра Қарсақбаева мәлімдеді.

Үндістанның ең танымал әрі ең қымбат актері Митхун Чакраборти таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына түсірілімге келеді. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады екен. 

"Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады", - дейді Майра Қарсақбаева. 

Сонымен қатар, таяуда қазақстандық режиссерлер тұңғыш рет Лондондағы кинофестивальге қатысады екен. Майра Қарсақбаеваның айтуынша, 2016 жылдан бері түсірілген толықметраж кез келген фильм қатыса алады. Кинофестивальдің басты қонағы Голливуд жұлдызы Бред Питт болады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай