31 қазан 2016 21:36

Студенттік фильмдердің VI "Бастау" халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Матрица.Kz © Матрица.Kz

Алматыда Студенттік фильмдер мен киномектептердің VI "Бастау" халықаралық кинофестивалінің жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, - деп хабарлайды Kinostan.kz.


Алматыда Студенттік фильмдер мен киномектептердің VI "Бастау" халықаралық кинофестивалінің жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, - деп хабарлайды Kinostan.kz.

Жүлдегерлер тізімі:

Студенттер әділқазысы:

Гран-при - "Фишура" (Fishura), реж. Яго Матео Веласко, Испания

Халықаралық әділқазы:

Үздік ер рөлі - Александр Колмыков, "Іштегі Америка" (Америка внутри), Ресей

Үздік әйел рөлі - Джианна Гомез, "Жарық қоңыз аулау" (Catching Fireflies), АҚШ

Үздік оператор жұмысы - Андрей Коваль, "Жабыраңқы жүз" (Грустное лицо), Украина

Үздік сценарий - Неджин Аминзадех, "Менен қорықпа» (Don’t be afraid of me), Иран

Үздік анимациялық фильм - "Қолыңнан келеді" (Ты все можешь), режиссер Никита Тимощук, Украина

Үздік деректі фильм - "Сүйінші", режиссер Мадина Беспаева, Қазақстан

Үздік ойын фильмі - "Мен, олар және әкешім" (Me, tay and daddy), режиссер Саломе Вепхадзе, Грузия 

Кинодағы жаңа дауыс үшін ерекше атап өту - "Ерніңді тістеме", режиссер Камилла Абдельдинова, Қазақстан

Әділқазылардың арнайы жүлдесі - "Түнгі аралар" (Night Bees), режиссер Иоанна Карлберг, Швеция 

Гран-при - "Offline отбасы" (Семья offline), реж. Георгий Поротов, Ресей

Биыл іріктеу комиссиясына 36 елден 300-ден астам фильм келіп түсті. Конкурстық бағдарламаға солардың ішінен 57 жұмыс таңдалып алынды.

Халықаралық әділқазылар алқасын Ресейдің белгілі актері, режиссері, "Оскар" иегері, РКФСР халық әртісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Меньшов басқарады. Құрамда сонымен қатар Голливудтан келген оператор Хиро Нарита, британ жазушысы, Азия киносының маманы Джаспер Шарп, Ресей актрисасы Анна Горшкова және отандық белгілі кинематографшы Нұртас Адамбаев бар.

Ал студенттердің әділқазылар құрамына Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей мен Қазақстан мамандары кірді.

"Бастау-2016" қазанның 24 мен 28 аралығында өтті. Халықаралық конкурс көрсетілімдері "Алмалы" сауда үйінде орналасқан Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткізілді. Шеберлік сабақтары мен конференциялар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ҰӨА-да ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети