31 шілде 2016 14:07

"Тақтар ойыны" сериалының сегізінші маусымы соңғысы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

НВО арнасының бағдарлама директоры Кэсси Блойс "Тақтар ойыны" сериалының сегізінші маусымы соңғысы болатынын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.


НВО арнасының бағдарлама директоры Кэсси Блойс "Тақтар ойыны" сериалының сегізінші маусымы соңғысы болатынын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Телесаганы аяқтау туралы жоспармен сериалды жасаушы Дэвид Бениофф пен Дэн Вайс келісті ме?" деген сұраққа, Блойс оларды жоспарын өзгертуге мәжбүрлей алмайтынын айтты. "Иә, олар өздері жасағысы келген сериалдың нақты қанша маусымнан тұратыны жөнінде жоспарлары бар", - деді ол.

"Егер маған мүмкіндік берсе, мен оларды тағы он маусым түсіруге мәжбүрлейтін едім. Алайда біз олардың шоуға ненің қажетті болатыны туралы пікіріне тәуелдіміз", - деп толықтырды сөзін телеарнаның бағдарлама директоры. Блойс, сонымен қатар, сегізінші маусымның қанша сериядан тұратыны әді бекітілмегенін айтты.

"Тақтар ойыны" - Джордж Мартиннің "Мұз бен от жыры" романдар циклы бойынша түсірілген фэнтези телехикая. Сериал АҚШ-та және әлемде ең көп танылған фильм. Сериалдың авторлары 26 "Эмми" жүлдесін жеңіп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети