07 сәуір 2015 11:57

Талдықорған тұрғыны Баян Есентаевадан фильмнің идеясы үшін көлемді сыйақы талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева. © Instagram Баян Есентаева. © Instagram

Атақты тележүргізуші әрі актриса Баян Есентаевадан қымбат көлік пен аса ірі көлемдегі қаржы талап етілді, бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Баян Есентаеваның айтуынша, Ринат Кәрімов деген азамат "Тракторшының махаббаты" фильмінің авторлығынан үміттеніп, оны бірнеше айдан бері қорқытып келеді. Есентаева полицияға арызданып та қойды.


Атақты тележүргізуші әрі актриса Баян Есентаевадан қымбат көлік пен аса ірі көлемдегі қаржы талап етілді, бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Баян Есентаеваның айтуынша, Ринат Кәрімов деген азамат "Тракторшының махаббаты" фильмінің авторлығынан үміттеніп, оны бірнеше айдан бері қорқытып келеді. Есентаева полицияға арызданып та қойды.

Баян Есентаеваның сөзіне қарағанда, талдықорғандық жас жігіт оның ұялы телефонына хабарлама жіберіп қана қоймай, қазақстандық БАҚ-қа да барған. "Ол мені "Тракторшының махаббаты" фильміне оның идеясын ұрлап алды деп айыптайды, бұл барып тұрған сандырақ. Картинаның авторы Асқар Ұзабаев, бұл фильмді сол ойлап тапты. (...) Мен бұл Ринат Кәрімовті ол айтып отырғандай, өмірімде көрген де, телефонмен де, WhatsApp-пен де сөйлескен емеспін. Оның айтуынша, мен оған уәде беріппін. Ол маған күнде жазып, Audi маркалы автокөлік пен ақша талап етеді (....). Бұдан бөлек, ол ақпарат құралдарына шағымданып, журналистер оның сөзінен алып, расталмаған ақпаратты жариялаған. Қалайша бұлай істеуге болады? - дейді Баян Есентаева. - Мен мұны жала деп есептеймін және бұл үшін қалмыстық жауапкершілік бар, мен құқық қорғау органдарына шағымдандым және бопсалаушыны жазалауға ниеттімін", - деді ол.

Бұған дейін Талдықорған тұрғыны Nur.kz порталына сұхбат берді. Жігіттің айтуынша, оның анасы науқас және материалдық жағдайлары төмен. Кәрімов 2012 жылы Баян Есентаеваға қызық оқиғаны айтып бергені жайлы әңгімеледі, жас жігіттің айтуынша, сол оқиға "Тракторшының махаббаты" фильміне негіз болған. "Кейіпкерлер мен сюжет - менің идеям. Оған менің әңгімем ұнады. Баян Есентаева табыстың 30 пайызын беремін деп уәде етті, бірақ олай істемеді, - деді Ринат. - Авторлық құқықты рәсімдейін деп қоңырау шалғанымда, ол телефонын көтермейтін болды. Фильмнің жалғасы бар (...) Мен оның немен аяқталуы тиіс екенін білемін. Егер Баян Есентаева төлесе, мен сюжетіммен бөлісемін", - деді Кәрімов. Алайда жас жігіт расында да танымал продюсермен сөйлесіп, қызметтес болуға келіскенін дәлелдейтін ештеңе көрсете алмады.

Еске сала кетейік, "Тракторшының махаббаты" романтикалық комедиясы 2013 жылы экранға шықты - оған Баян Есентаева мен Берік Айтжанов түсті. Фильмнің мотиві бойынша телехикая да түсірілді. Ол қазақстандық телеарналардың бірінен көрсетілді. Сценарийін Асқар Ұзабаев пен Данияр Күмісбаев жазды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети