17 қазан 2021 10:06

Психолог танымал мультфильмнің балаларға ықпалы туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бала тәрбиесі бойынша кеңесші Софи Гайлс "Peppa Pig" мультфильмін балалар мен жасөспірімдерге теріс ықпал беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sun сайтына сілтеме жасап.


Бала тәрбиесі бойынша кеңесші Софи Гайлс "Peppa Pig" мультфильмін балалар мен жасөспірімдерге теріс ықпал беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Sun сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы кішкентай шошқа туралы анимациялық серияны көру арқылы балалар бұзық болады деп ойлайды. Бұл мультфильмде балалар әкесімен өктем үнмен қарым-қатынас жасайды. Кішкентай балалар бұлай сөйлеу дұрыс деп санап, ата-анасымен дәл осылай қарым-қатынас жасауы мүмкін.

"Мультфильмде әкесін үнемі келеке етеді, себебі бәрі оны ақымақ санайды. Ол бұл жағдайға күледі, бірақ бұл - ересек адам үшін жағымсыз жағдай", - дейді Гайлс.

"Сонымен қатар, ата-аналар баласы қалаған нәрсені жасайды, бұл өмірдегі шынайы көрініске ұқсамайды. Балалардан бірнәрсе сұраған сайын күйгелек болады. Балаңыздың мұндай мінез-құлық танытқанын қаламайтын шығарсыз", - деді ол.

Психолог басқа мультфильмдерді де сынға алды. "Paw Patrol", "Little Princess" және "Fireman Sam" секілді мультфильмдер балаларға оң әсер бермейтінін айтты.

Маман ата-аналарға бірнеше эпизодты өздері қарап, бағалауға кеңес берді. Оның пікірінше, ересектер содан кейін баланың мінез-құлқына теріс әсер ететініне көз жеткізе алады.

2019 жылы америкалық ойыншықтар шығаратын Hasbro компаниясы бағасы 4 миллиард доллар болатын келісім жасағаны туралы хабарланды. Бұл ақшаға ол канадалық Entertainment One компаниясынан "Peppa Pig" мультфильмінің құқығын сатып алғысы келген.

Құрметті оқырман, материалдың тақырыбы мен мәтінін өзгертуге тура келді. Бұған дейінгі нұсқада мультфильмнің "қаупі" туралы айтылған, бірақ спикердің сөзін қайта тыңдаудан кейін мақала қазіргі күйіне өзгертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети