27 қыркүйек 2016 18:40

Тастанды балалардың 99 пайызы қазақтар, себебі біз махаббат мәдениетін білмейміз - Есентаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева © instagram.com/bayanyessentayeva_ Баян Есентаева © instagram.com/bayanyessentayeva_

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желіде өзі продюсерлік еткен сериалдарды сынаған авторға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желіде өзі продюсерлік еткен сериалдарды сынаған авторға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есентаеваның Instagram желісінде жариялаған постында аты-жөні белгісіз қолданушы "Өгей жүрек" сериалын және "Тракторшының махаббаты" фильмін сынаған. "(...) Жалпы айтпағым қазақ қызының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді. Біздің қыздар киноға түсеміз деп, төсекке жатуға да намыстанбайтын жағдайға жетіпті. Осы корей, үнді сериалдары сүйіспей-ақ, сериалдарын өткізіп отыр ғой. Неге солардан сабақ алмайсыңдар, продюсерлер? (...)" деп ашынады оқырман.

Бұған жауап ретінде продюсер былай деп жауап қатқан: "Иллюзияда өмір сүру, шындықты айтпау, көрсетпеу, қазақ балалары желден туатын сияқты ғой. Францияда бір ай болдым, сүйетіндерін ашық айта беретініне, қол ұстасып жүретініне таңғалдым, бір-бірін құшақтап, бір-біріне тік қарайды. Менталитетімізді жақсы түсінемін, оны "ҰЯТ" деп атауға болады. Біз жақсы көруге, қол ұстасуға ұяламыз, сүйісуден тіпті Құдай сақтасын. Бар өміріміз жасқаншақтық пен ұяттан құралған. Ер адамдармен төсекке жатпаймыз, соған қарағанда барлығы бөлек-бөлек бөлмеде жатады-ау, ал балалар желден туады, бізге сүюге болмайды, сериалымызды қызықтап көретіндердің осындай сыны менің дүниетанымыма және өмірге деген көзқарасыма тиісіп өткісі келеді".


"Өгей жүрек" телехикаясының кейіпкерлері. © instagram.com/bayanyessentayeva

Есентаеваның айтуынша, сөз болып отырған телехикая өзекті мәселені қозғап отыр. "Балалар үйіне барып көріңіздерші, онда тастанды балалардың 99 пайызы - қазақтар. Неге екенін білесіздер ме? Себебі біз махаббат мәдениет білмейміз, өйткені ҰЯТ. Міне мәселенің бастауы, балалар махаббаттан тууы керек, бұл жайында айта білуіміз керек, әсіресе балаларымызға айта білуіміз керек, жоқ, біз үшін бұл ҰЯТ, балаларымызға адамдардың қырыққабаттан шыққанын айта береміз де, тастанды балалардың проблемасы жайлы ләм-мим демейміз, ал тастанды балалардың санында есеп жоқ", - деп жауап берді Баян Есентаева.


"Өгей жүрек" телехикаясының кейіпкерлері. © instagram.com/bayanyessentayeva

Айта кетейік, "Өгей жүрек" ("Чужие дети") телехикаясы тастанды балалар мәселесін көтерген. Сюжет бойынша, өмірдің сан соқпағын көрген Бибігүл есімді қыз баласынан айырылып, сүйіктісімен қош айтысады. Бірақ оның тағдыры мүлдем басқа арнаға ойысып, кейінде ең жақын адамына айналатын сүйіктісін табады. Телехикаяның режиссері - Ернар Нұрғалиев, Басты рөлдерде Кәмшат Жолдыбаева, Азат Сейтметов, Дәстен Шәкіровтер ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети