19 қаңтар 2015 15:37

Тимур Бекмәмбетовтің үрейлі фильмінің трейлері Twitter-де ең көп талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©dailymotion.com ©dailymotion.com

Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended атты үрейлі фильмінің трейлері Twitter-де ең көп талқыланды, - деп хабарлайды Film Pro. Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетов пен режиссер Леван Габриадзенің үрейлі фильмі америкалық прокатқа 17 сәуірде шығады.


Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended атты үрейлі фильмінің трейлері Twitter-де ең көп талқыланды, - деп хабарлайды Film Pro. Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетов пен режиссер Леван Габриадзенің үрейлі фильмі америкалық прокатқа 17 сәуірде шығады.

Ролик Желіде пайдан болғаннан кейін миллиондаған көрілім жинай бастады, ал Twitter әлеуметтік желісінде жарияланымдар саны бойынша "50 оттенков серого", "Мстители: Эра Альтрона" және "Форсаж-7" фильмдерінен озып кетті. Twitter-де #Unfriended хэштегімен 262 мыңнан астам жазба жарияланды. Ал оған дейін "50 оттенок серого" туралы жазба 240 697 рет шыққан еді.

Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетовтің үрейлі фильмі аз қаражатқа түсірілген, басты рольдерді танымал емес, жас актерлер сомдады. Картина оқиғасы компьютер экрандарында болатындықтан, фильмнің ұтымдылығы оның жанрына байланысты болып отыр. Картинада бір жыл бұрын қайтыс болған қыз өзінің сыныптастарымен Skype-те сөйлесетін болады. Қыздың өліміне фильм кейіпкерінің Интернетте күн көрсетпеуі себеп.

Айта кетейік, Тимур Бекмәмбетовтің Unfriended фильмі Монреальда өткен Fantasia жанрлық кинолар фестивалінде екі марапатты жеңіп алды. Америкалық Cybernatural қорқынышты фильмі техникалық және тұжырымдамалық шешімі үшін қазылар алқасының арнайы ескеруін және көрермендердің ықыласы бойынша тағайындалатын "Ең инновациялық фильм" сыйлығын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети