18 қазан 2016 11:49

"Тоқал" фильмінің қазақстандық прокатқа шығатын күні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тоқал" көркем фильмі қазақстандық прокатқа 2016 жылдың 8 желтоқсанында шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


"Тоқал" көркем фильмі қазақстандық прокатқа 2016 жылдың 8 желтоқсанында шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Түсірілім жұмыстары 2015 жылы Алматы мен Лос-Анджелесте өткен. "Тоқал" әлеуметтік драмасында отбасы құндылықтары, ұрпақтардың қарым-қатынасы мәселелері көтерілген. Фильм продюсері әрі басты рөлдердің бірінде ойнаған Гауһар Нұртастың айтуынша, лента Қазақстанға ғана емес, көптеген елге өзекті болатын мәселені көтеріп отыр.

Айта кетейік, "Тоқал" фильмі таныстырылымы шығып, промо-трейлері көрсетілген соң-ақ әлеуметтік желілерде кең талқыланған еді.  

 Басты рөлдерде актерлер Жанель Мақажан, Ерік Жолжақсынов және Тұңғышбай Жаманқұлов таңдалған. Бір қызығы, желіде бастапқыда Марк Дакаскостың қатысуымен тизер шыққан еді. Сөйтсек, Голливуд жұлдызының түсірілім кестесімен уақыты сәйкес келмей қалыпты. Картинаның режиссері - ресейлік кинематографист Евгений Чельцов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети