11 шілде 2016 16:20

"Целинный" кинотеатрында енді кино көрсетілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматыдағы "Целинный" кинотеатрында дәстүрлі өнер театры ашылады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматыдағы "Целинный" кинотеатрында дәстүрлі өнер театры ашылады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Алматының мыңжылдығы қарсаңында заманауи үлгідегі дәстүрлі өнер театры ашылады. Жаңа нысан қаланың қақ ортасындағы "Целинный" кинотеатрында орналасады. Қойылымдардан бөлек, телеарна тілшілерінің мәліметінше, жоспар бойынша, өнер үйінде түрлі көрмелер де өтеді. Жаңа ғимаратта қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындылары ілінеді. Айта кетейік, аталған игі бастама ұзақ жылдар қаңырап тұрған нысан иесінің ойына келген. Кәсіпкер жөндеу жұмыстарын аяқтаған соң өнер театрын қала меншігіне бермек. Қала әкімдігі мен кәсіпкер арасында осындай екіжақты меморандумға қол қойылды.

"Алматы қаласында Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы кәсіпкерлермен бірлесе отырып әр түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Алматы қаласы шағын және орта бизнестің қаласы. Банктердің қаласы. Жеке бизнестің қаласы деп те айтуға болады. Біздің кәсіпкерлер жұмыс орнын ашып, салық төлеп, жаңа жобаларды жүргізіп жатыр", - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында алматылық кәсіпкерлер қала тұрғындарына тағы бір сый тарту етпек. Осы жоба шеңберінде бизнесмендер Медеу ауданындағы Сұлусай ауылында фельдшерлік пункт ашпақ. Мекеме тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету үшін қажет. Ғимарат қолданысқа берілген соң, кәсіпкерлер оны да қала меншігіне өткізуге ниетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети