13 тамыз 2015 11:17

"Түрмеден қашу" сериалының жалғасы шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© torrents.net.ua © torrents.net.ua

Атақты "Түрмеден қашу" ("Prison Break") сериалы араға алты жыл салып Fox телеарнасына қайтып оралады. Телешоудың жұлдыздары Вентворт Миллер мен Доминик Пёрселл өз рольдерін қайтадан сомдайтын болды, - деп хабарлайды Kinostan.

Телеарна басшылығының хабарлауынша, бұл жобаны сиквел (жалғасы) деп қарастырған жөн. Оқиғалар алғашқы сериалдан кейін бірнеше жыл өткеннен кейін жалғасады. Ағайындылар мен басқа да кейіпкерлер қайтып оралады. Түпнұсқада басты кейіпкер Майкл Скофилд (Вентворт Миллер) қайтыс болғанына қарамастан, жобаның басындағылар мұны да болашақ сериалда түсіндіріп беретінін айтып отыр.

Мини-сериал форматында болатын тележоба 10 бөлімнен тұрады деген болжам бар. "Түрмеден қашу" сериалы 4 маусымға созылып, 2005-2009 жылдар аралығында көрсетілді. Бұл теледрама Fox арнасының ең рейтингі жоғары шоуларының біріне айналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети