19 ақпан 2018 09:34

Ұлыбританияның BAFTA академиясы "Үздік фильмді" атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FOX Searchlight © FOX Searchlight

Режиссер Мартин Макдонахтың "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" картинасы Ұлыбританияның кино және телеөнер академиясының (BAFTA) "Үздік фильм" номинациясы бойынша лауреат атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Режиссер Мартин Макдонахтың "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" картинасы Ұлыбританияның кино және телеөнер академиясының (BAFTA) "Үздік фильм" номинациясы бойынша лауреат атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тоғыз номинацияға үміткер болған кинокартина бес номинация бойынша жүлде алды. Олардың ішінде - "Үздік фильм" және "Үздік ұлыбританиялық фильм". "Үздік әйел рөлі" номинациясын осы картинада басты рөлде ойнаған америкалық 60 жастағы Фрэнсис Макдорманд алса, "Үздік ер адам рөлі" Сэм Рокуэллге табысталды.

Айта кетейік, "Үздік фильм" номинациясын жеңіп алған криминалдық драмада зорлау мен қызды өлтіру бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстарын қайта жаңартқысы келген америкалық Милдред Хейстің оқиғасы баяндалады.

Ұлыбританияның кино жәнк телеөнер академиясы - тәуелсіз қайырымдылық ұйым. Ол кино саласын насихаттап, дамытып, оған қолдау көрсетіп, үздік кино мен телеөнер туындыларын анықтап, марапаттайды. BAFTA жүлдесі Ұлыбританиядағы үздік кино жүлде саналады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети