23 маусым 2015 07:42

"Юра кезеңінің әлемі" фильмі екі апта ішінде миллиард доллар табысқа кенелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм постері Фильм постері

Universal Pictures компаниясы "Юра кезеңінің әлемі" ("Мир Юрского периода") фильмінің прокатқа шыққанынан кейін 13 күн ішінде бір миллиард доллар тауып, рекорд жаңартқанын жария етті, - деп хабарлайды CominSoon


Universal Pictures компаниясы "Юра кезеңінің әлемі" ("Мир Юрского периода") фильмінің прокатқа шыққанынан кейін 13 күн ішінде бір миллиард доллар тауып, рекорд жаңартқанын жария етті, - деп хабарлайды CominSoon

Жаңа фильм "Форсаж 7" фильмінің рекордын жаңартты. Айта кетейік, "Форсаж 7" бір миллиард долларды 17 күн ішінде жинаған болатын.  

"Юра кезеңінің әлемі" ғылыми-фантастикалық фильмі - "Юра кезеңінің саябағы" ("Парк юрского периода") хикаясының төртіншісі. Картина режиссері Колин Треворроу, бірақ фильмнің продюсерлік және режиссерлік жұмысына бірінші серияларының авторы Стивен Спилберг те тартылды, ол атқарушы продюсері болды. Фильмнің бюджеті - 150 миллион доллар. Қазақстандық прокатқа фильм 11 маусымда шыққан еді. 

"Юра кезеңінің әлемі" фильмінің трейлері.

Еске салайық, "Юра кезеңінің саябағы" фильмі 1993 жылы шығып, 63 миллиондық бюджетімен бір миллиард доллар табыс түсірген. Екіншісі - "Юра кезеңінің саябағы: Жоғалған әлем" 1997 жылы шығып, картина 73 миллиондық бюджетімен авторларының қалтасын 618 миллион долларға толтырған, ал үшіншісі - "Юра кезеңінің саябағы ІІІ" туындысы 2001 жылы шығып, 93 миллиондық шығынымен 368 миллион долларға кенелген болатын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети