Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Мәңгілік өмір" шындыққа айналады

03 Желтоқсан 2015, 15:49
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Трансплантология ғылымының ашылуы әлем медицинасына "революция" әкелді. Адамның ауру мүшесінің орнына сау мүше салу көп адамға жаңа өмір сыйлады. Ғылым дамуын тоқтатқан жоқ. 2006 жылы Синъя Яманака есімді жапон ғалымы "мәңгілік өмірдің" және "мәңгі жас болудың" құпиясын ашты. Ол эпигенетикалық бағдарлау әдісімен "бағаналық жасуша" алған алғашқы ғалым атанды. Бұл медицина ғылымында үлкен жаңалық болды. Яғни, енді адамның ауру мүшесінен жасуша алып, оны бағаналық жасуша ету арқылы сау мүше өсіруге болады. Дегенмен мұны дамыту үшін әлі де көп тәжірибе мен еңбек қажет. Медицинаның осы бағытында зерттеу жүргізіп, бұл ғылымды Қазақстанға әкелуге ниеттеніп жүрген қазақ ғалымы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың түлегі, АҚШ-тағы Stanford университетінің PhD кандидаты Нұрлыбек Мурсалиев "бағаналық жасушаны" зерттеудің медицина саласына қандай пайда әкелетінін, бұл ғылымның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін әрі Қазақстандағы ғылымның деңгейі жайлы сөз қозғады.

TENGRINEWS: Нұрлыбек, "бағаналық жасушаны" медицинада қолдану қаншалықты маңызды?
Нұрлыбек Мурсалиев :

Батыс елдерінде ағзасын ауыстырғысы келетін адамдар кезекке тұрады. Сол кезектегілердің кейбірі ғана мақсатына жете алады, өкінішке қарай, қалғандарына емделудің басқа бағытын таңдауға тура келеді. Себебі барлық адамның мүшесін ауыстыру мүмкін емес. "Бағаналық жасуша" әдісі медицинада сау ағзаны жасушадан өсіріп шығаруға мүмкіндік береді.

TENGRINEWS: "Бағаналық жасуша" қалай қолданылады?
Н. Мурсалиев :

Мысалы, жүрегің ауырса, жүректі емдеуге арналған дәрі ішесің. Дегенмен дәрі адамның барлығына бірдей жаға бермейді. "Бағаналық жасушаны" қолдану - адамның ауыратын мүшесінен тірі жасуша алып, бағаналық жасушаға айналдыру арқылы оны адамның ағзасына қайта салу. Яғни, мүшенің жүйкесіне әсер ету арқылы тек ауыратын бөлігін ғана емдеу. Сондықтан "бағаналық жасуша" әдісін қатерлі ісікпен ауыратындарға да қолдану өте маңызды.

TENGRINEWS: Бұл ғылым әлемдік медицинада дамудың қай сатысында тұр? Қазақстанда осы бастама қолға алынды ма?
Н. Мурсалиев :

Әлем ғалымдары осы салада көп жетістікке жетті. Дегенмен әзірше бастапқы сатысында ғана тұр. Тәжірибеге енгізу үшін бірнеше жыл керек. Қазақстанға бұл әдіс әзірше келген жоқ. Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізуге болашақта Назарбаев атындағы университет атсалысуы мүмкін. Ғылымның бұл саласы елімізде дамып жатса, медицинда көп жетістікке жетер едік. Көрші Ресейдің өзінде осы салада еңбектеніп жатқан ғалымдар көп. Әлем елдері "бағаналық жасушаны" зерттеу үшін аямай қаржы бөліп жатыр. Осыдан бұл әдістің медицина үшін қаншалықты маңызды екенін көруге болады.

TENGRINEWS: Түсінікті. Енді жалпы Қазақстандағы ғылымды сөз етсек. АҚШ-тың алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірінде біліп алып жүрсіз. Қазақстандағы ғылымның деңгейі салыстырмалы түрде қандай?
Н. Мурсалиев :

Бізде мемлекет әлемдегі алдыңғы қатарлы елдерден қалыспай университеттерге, институттарға қажетті аппараттарды, құрылғыларды мемлекет сатып алып береді. Бірақ біздің елде магистрлер мен докторлар жетіспейді. Себебі көбі бакалавр атағымен шектеліп жатыр. Яғни ғылымға баратын адам аз. Сондықтан да артта келе жатырмыз деп айтар едім. Мемлекеттің, индустрияның дамуы ең алдымен ғылыммен байланысты. Басқа елдер бізде ашылған жаңалықты көп мойындай бермейді. Ғылымға көп көңіл бөлсек, оның дамуы да жылдам болар еді.

TENGRINEWS: Басқа елдер бізде ашылған жаңалықтарды мойындау үшін не істеу керек?
Н. Мурсалиев :

Ең алдымен білім алу керек. Жастар оқып, басқа елде өтіп жатқан конференцияларға қатысу қажет. Шетелдің ғалымдарымен араласып, олардың ашқан жаңалықтарын дер кезінде біліп отыру да өте маңызды. Сондықтан да, қазақ жастарына айтарым, елімізді дамыту үшін білімге үлкен мән берген жөн.

Әңгімелескен Мақпал Бисембаева


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай