Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

Орта салмақта кімнің мықты екенін анықтау керек

12 Мамыр 2016, 12:53
0
© Youtube кадры
© Youtube кадры

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Power 106 FM толқынындағы The Cruz Show радио-шоуында жекпе-жектерінің кейін өзіне деген сұрақтардың көбейе түсетінін айтып берді. Сонымен қатар, GGG туған бауырының арқасында бокс шыңына қалай шыққаны жайлы әңгімеледі. Сұхбаттың қазақ тіліне аударылған нұсқасын ұсынамыз.

TENGRINEWS: "Канелоның" Ханды алтыншы раундта нокаутқа түсіргеніне таңғалдың ба?
Геннадий Головкин :

Таңғалдырмады. Нағыз жанкүйерлер "Канелоның" Ханға ірілеу әрі күштірек екенін түсінді. Хан жақсы боксшы, бірақ бұл оған қиын салмақ категориясы болды.

TENGRINEWS: Мен Хан рингте өліп қалды деп ойлап қалдым!
Г. Головкин :

Иә, мен де шошыдым.

TENGRINEWS: Сен боксшы ретінде, тұлға ретінде оның қандай екенін білетін адам сияқтысың. Бокста шын бағаңды алмаған сияқты болып сезінбейсің бе?
Г. Головкин :

Дұрыс айтасыз, бұл маған жайлы. Мен өз жұмысымды білемін... Рингте және одан тыс жерде менің өмірім әрқалай. Бірақ бұл маған жайлы, себебі мен өз күшімді сеземін, мәнерімді білемін.

TENGRINEWS: Яғни сен не істей алатыныңды және не істеуің керек екенін білесің ғой?
Г. Головкин :

Сөзсіз.

TENGRINEWS: Яғни саған біреудің сені жақсы боксшы деп айтып жүргені қажет қой, себебі сен жақсы боксшысың?
Г. Головкин :

Иә. Мен ғана емес, менің командам да, барлығы менің кім екенімді түсінеді.

TENGRINEWS: Сен "Канело" мен Ханның қайсысы жеңсе де бәрі бір дедің. Бірақ біреуге басымдық бердің бе? Нақты біреу ұтса екен деген ой болды ма? Себебі сен ол екеуінің қайсысына болса да күшіңді қалай қолданатыныңды білесің.
Г. Головкин :

Иә, маған еш маңызы болған жоқ. Себебі маған өз белбеуім керек. Менің мақсатым - орта салмақта барлық белбеуді алу. "Канело" - орта салмақтағы чемпион. Хан ұтса, орта салмақта ол чемпион болар еді.

TENGRINEWS: Саған "Канеломен кездесуге дайынсың ба?" деп әрдайым сұрақ қойылады. Дайынсың ба?
Г. Головкин :

Сөзсіз. Бұрыннан дайынмын. Қандай жекпе-жек болса да.

TENGRINEWS: Сен әрқашан бақытты көрінесің, бірақ боксшылардың көбі ашулы жүреді. Бұл кімнің болса да қалпағын қайыра алатыныңды білгендігіңнен бе? (күледі)
Г. Головкин :

Мен бокссүйермін және бұдан ләззат аламын.

TENGRINEWS: Бапкерің Абель Санчес Альваресті Примадонна деп атады, келісесің бе?
Г. Головкин :

Абельдің әдеті ғой. "Канело" әр сөзінде "Мен орта салмақтағы әлем чемпионымын, бірақ мен 155 фунтта жұдырықтасамын" деп айтып жүреді. Не? (күледі) Он орта дивизионның 160 фунт екенін біледі. Бұл боксқа деген, жанкүйерлерге деген құрметсіздік... Екі категорияға төмен болған Ханмен жекпе-жегі - бизнес-жекпе-жек. Барлығы оған нағыз орта салмақтағы адамның қарсы шығуы керек екенін біледі. 160 фунтта. Ол орта салмақтағы адаммен ешқашан жұдырықтасқан емес. Котто - үлкен жігіт емес, Киркланд та.

TENGRINEWS: Тіпті Мейвезер де - үлкен жігіт емес.
Г. Головкин :

Иә, тіпті Мейвезер де... Ал ол орта салмақтың чемпионымын десе, келістік! Орта дивизионда кімнің мықты екенін анықтау үшін біріктірілген жекпе-жек керек.

TENGRINEWS: Айтып өтейінші, андеркарттағы қыздар өте әдемі ғой (күледі). Саған ұнай ма?
Г. Головкин :

Мен де ер адаммын ғой (күледі).

TENGRINEWS: Рианнаның концерт кешінде болдың ғой?
Г. Головкин :

Иә.

TENGRINEWS: Сол жақта жасаған селфиіңді көрдік, шоу ұнады ма?
Г. Головкин :

Тамаша. Кейде би билеймін, кейде ТВ көремін, кейде бокс кештеріне барамын. Маған өмірім ұнайды (күледі).

TENGRINEWS: Өмірің тамаша ғой, иә?
Г. Головкин :

Иә, тамаша. Лос Анджелес пен Құрама Штаттарға рақмет (күледі).

TENGRINEWS: Сен негізі өз арманыңда өмір сүресің... Туған жеріңде бәрі басқаша ма?
Г. Головкин :

Иә, өзгерек. Ресейдің мәнері, Қазақстанның мәнері... Соңғы он жылда мен Германияда тұрдым, бұл неміс стилі. Мұның барлығы өзгерек.

TENGRINEWS: Жекпе-жектеріңнен кейін қандай күйде боласың?
Г. Головкин :

Кейде бұлай істеу керек еді, солай істеу керек еді деп ойланамын. Кейде керемет өнер көрсеттім деп ойлаймын. Бірақ неге былай жасамадым, неге олай жасамадым деген сұрақтар әрдайым болады.

TENGRINEWS: Лос-Анджелеске келгеніңде маркетинг жағынан бұл ең маңызды жер болды. Бастапқыда жұрт сені ұната ма, жоқ па деген ойлар болды ма?
Г. Головкин :

Әрине, болды. Бірақ қазір Лос-Анджелес - менің екінші үйім. Жанкүйерлерім көп, достарым көп, командам бар. Big Bear жаттығу лагерім де осында. Бұл менің үйім.

TENGRINEWS: "Канелоға" қарағанда, сенің мексикалық жанкүйерлерің көп шығар.
Г. Головкин :

Иә, дәл солай. Іште бір мексикалық бөлшегім бардай (күледі).

TENGRINEWS: Мексикалық тағам, мексикалық әйелдер... Испанша бірдеңе деші.
Г. Головкин :

Como estas?

TENGRINEWS: Muy bueno.
Г. Головкин :

Bueno? Жақсы, bueno (күледі).

TENGRINEWS: GGG, сен тамаша жігітсің. Лос-Анджелестің екінші үйің екенін білесің, қашан келсең де саған есігіміз ашық. Бауырың екеуің де боксшы болғандарың рас па? Сен үлкенірек болғандығыңнан мүмкіндік саған берілді ме?
Г. Головкин :

Иә, бұл шындық.

TENGRINEWS: Уууу... Өзіңді кінәлі сезінбейсің бе бұған?
Г. Головкин :

Менің бауырым менен жақсы. Мен 12 минутқа ерте туылыппын. Олимпиада ойындарының қарсаңында болған оқиға әлі есімде, екеуміз де ұлттық құрамада үздік едік. Бірақ Олимпиадаға кім барады деген мәселе туды. Сосын ол "Гена, сен үлкенірексің, сен бірінші болып барарсың?" деп сұрады. Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауыстым, ол ата-анаммен қалды. Оған құрметім шексіз. Менің жұмысым - бокс, оның жұмысы - оның өмірі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай