1. Басты
  2. Біл
  3. Қылмыс

100 келіден астам дәрі-дәрмекті Қытайдан заңсыз әкелген адам ұсталды

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан - Қытай шекарасында 100 келіден астам дәрі-дәрмек контрабандасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Еліміздің шығысындағы "Қорғас" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізге дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматын ұстады. 20 жастағы отандасымыз салмағы 1 центнерден астам дәрі-дәрмекті елімізге жасырын жолмен өткізуге тырысты", - делінген хабарламада. 

Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысы Панфилов ауданының прокуратурасына берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан - Қытай шекарасында 80 дана GPS-навигаторды заңсыз тасымалдау дерегінің әшкереленгені хабарланған болатын. "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 7 қорапқа салынған "Тракинг – Пивайс" аталатын GPS-навигаторларын жасырын әкетіп бара жатқан Қазақстанның 39 жастағы азаматын ұстады. Үрімжі – Алматы бағытындағы автобуспен келе жатқан азаматтың аталған заттарды алып өтуге қажетті құжаттары жоқ болып шықты. Бұл дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.