26 мамыр 2017 14:12

11 жастағы Өркен Азаматұлының туыстары cот үкіміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өркеннің туған анасы Айжан Қыдырмолданова Өркеннің туған анасы Айжан Қыдырмолданова

Өлтірілген 11 жастағы Өркен Азаматұлының туыстары Шарипа Ақбердиеваның ұлы - 23 жылға бас бостандығынан айырылған Темірге қатысты шыққан сот үкімімен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өлтірілген 11 жастағы Өркен Азаматұлының туыстары Шарипа Ақбердиеваның ұлы - 23 жылға бас бостандығынан айырылған Темірге қатысты шыққан сот үкімімен келіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаза әділ емес. Бірақ біздің заңда Қазақстандағы әйелдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң жоқ екен. Сондықтан оған максималды түрде 25 жыл берді. Кәмелетке толмаған Қадыржанға заң бойынша 12 жыл беру керек. Сондықтан менің судья барлығын әділ түрде істеді. Бірақ Темірге шыққан үкіммен келіспеймін. Он кәмелетке толған адам, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға болады. Оған неліктен осындай қысқа мерзім бергенін түсінбеймін", - деді Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданова.

Сондай-ақ, ол соттың шешіміне шағымдануы екіталай екенін айтып өтті.

Бірақ Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есенова журналистермен байланысқа шыға алмады. Оның сот үкіміне қатысты пікірін адвокат Айман Омарова айтып берді.

"Жалпы біз соттың шешімімен келісеміз. Мен адвокат ретінде мұның барлығын түсінемін. Біздің ойымызша, 25 жыл жеткілікті мерзім. Бірақ Темірге қатысты айтатын болсақ, оған 23 жылдан да көп мерзім беруге болар еді. Біз олардың қайта түзелетіндерін көріп тұрған жоқпыз. Олар бес адам болып қорғансыз 11 жастағы баланы өлтіріп отыр", - деді адвокат Омарова.

Ал Шарипа Ақбердиеваның адвокаты Орман Хайдарбеков ол апелляциялық шағым түсіре ме, жоқ па - ол жайлы білмейтінін айтты.

"Сот үкімін алған соң онымен танысып, апелляциялық шағым түсіреміз бе, жоқ па - соны шешіміз", - деді Орман Хайдарбеков. - Оған максималдық жаза берілді. Басқа ештеңе айта алмаймын. Ақбердиевамен жұмыс істеу қиын. Ауыр қылмыс".

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Шарипа Ақбердиева 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның балалары Темір мен Айдана, Темірдің ағасы Қадыржан Гулямов пен такси жүргізушісі Руслан Муталипов 12-23 жылға дейін қамауда болады.


© Tengrinews.kz

Осыған дейін Шәрипа Ақбердиева сот кезінде баланы өлтіруге кінәлі екенін мойындап, өлтіруге екі себеп болғанын айтқан еді. Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.

Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін. Ал кейінірек өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мәлімдеме жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети