30 желтоқсан 2019 16:26

135 мың доллар. "Ильин" қылмыстық тобының мүшесі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Биыл 27 желтоқсанда Алматы қаласының №2 Медеу аудындық сотында қылмыстық топтың мүшесі А.В.Косырьковқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Биыл 27 желтоқсанда Алматы қаласының №2 Медеу аудындық сотында қылмыстық топтың мүшесі А.В.Косырьковқа қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ол 2014 жылы наурыз - 2015 жылы ақпан аралығында С.Ю.Ильин басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, онымен Алматы қаласы салық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Е.Ж.Жексембиновтің арасында екіншісінің жалған кәсіпкерлік қызметке қамқорлығы үшін парақорлыққа делдал болғанына байланысты кінәлі деп танылды. Берілген параның жалпы сомасы - 135 000 АҚШ долларын", - делінген хабарламада. 

Косырьковқа мемлекетаралық іздестіру жарияланып, ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды. Сот үкімімен Косырьков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осыған дейін, 2016 жылы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық ұйымның қатысушылары, соның ішінде Алматы қаласының қаржы полициясының бұрынғы басшысы генерал Аманбаевқа да түрлі жаза түрлері тағайындалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети