18 сәуір 2019 12:33

18 жастағы қызды өлтірген сотталушылардың жазасы өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанай облыстық сотында Дарья Махтарованы өлтіргені үшін сотталғандарға қатысты аппеляциялық сот ісі қаралды, - деп хабарлайды alau.kz.


Қостанай облыстық сотында Дарья Махтарованы өлтіргені үшін сотталғандарға қатысты аппеляциялық сот ісі қаралды, - деп хабарлайды alau.kz.

Айта кетейік, Дарья Махтарованың денесі 2018 жылы 21 шілдеде табылған еді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездiкпен жасалған кісі өлтіру") бойынша іс қозғалған. 2019 жылы 13 ақпанда күдікті ретінде айыпталған Руслан Ажанов 23 жылға, ал Анатолий Шевченко 25 жылға сотталған еді. 

Қыздың анасы сотталушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот коллегиясы ұйғарымымен сотталушылар бастапқы бес жылды Арқалықтағы оқшауланған мекемеде өтейді, ал қалған жаза мерзімін қауіпсіздік деңгейі максимал мекемеде өтейді. 

Сонымен қатар, осы іске қатысты Қостанай облыстық полиция қызметкерлері Алмат Ермаков пен Руслан Рыжеволовқа қатысты салғырттығы үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған, олар жазасын қауіпсіздік деңгейі минимал мекемеде өтейді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети