26 шілде 2019 11:37

+18. Ондаған баланың көзінше әйелін пышақтаған ер адамның видеосы таралды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ресейдің Раменск қаласында әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен ер адамның видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресейдің Раменск қаласында әйелді төрт жасар баласының көзінше өлтіріп кеткен ер адамның видеосы таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

РИА Новости ақпарат порталының мәліметінше, бұл қылмыстан кейін бала ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы келіншекті күйеуі өлтірген.

Куәгерлердің айтуынша, әйел баласымен бірге ауладағы ойын алаңдарының бірінде серуендеп жүрген. Бір сәтте көлік тоқтап, ер адам жүгіріп шығып, әйелді пышақтай бастаған. Артынша оқиға орнынан жасырынған.

Басылымның мәліметінше, әйел 20 пышақ жарақатын алған. Кейінірек полицияның баспасөз қызметінің басшысы басылымға күдіктінің көлігі Ногинск қаласынан табылғанын хабарлаған. Сондай-ақ, күдіктінің ұсталғаны айтылады. Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерден жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети