16 наурыз 2015 | 11:13

2014 жылы Ресейде қазақстандықтардан 11 көлік ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Өткен жылы Ресейде қазақстандықтардың 11 автокөлігі ұрланды. Бұл мәліметті Ресейдің ІІМ баспасөз орталығы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылы Ресейде қазақстандықтардың 11 автокөлігі ұрланды. Бұл мәліметті Ресейдің ІІМ баспасөз орталығы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Ресей ІІМ мәліметінше, 2014 жылдың қаңтарынан желтоқсан айына дейін РФ аумағында қазақстандықтарға қатысты 347 ұрлық жасалған, оның ішінде 11-і - көлік айдап әкету жағдайлары.

Өткен жылы 70 қазақстандық алаяқтарға жем болды, 45 қазақстандық тоналды және тағы 11-іне қарақшылық шабуыл жасалды.

Біздің азаматтарға қатысты қылмыс саны жөнінен Орталық федералдық округі (Мәскеу, Мәскеу облысы) және Сібір федералды округі (Новосібір, Томск, Омбы облыстары мен Алтай өңірі) көш бастап тұр. 

РФ ІІМ мәліметіне қарағанда, өткен жылы Қазақстан азаматтарының төрт көлігі Мәскеуде, бір көлігі Санкт-Петербургте, бір көлігі Омбы облысында, бірі Новосібір облысында, бірі Красноярск өңірінде, бірі Орынбор облысында және екі көлік Кемеров облысында айдап әкетілген.

Тонау дерегі бойынша да Мәскеу қаласы алда келеді (7), Новосібір облысы (7 дерек) және Мәскеу облысы (3), Калининград, Ленинград, Томск, Омбы және Кемеров облыстарында екі деректен.

Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бері рубль бағамының долларға шаққандағы құны өзгергеннен кейін көрші елде арзандаған тауарлар Қазақстан азаматтары үшін тиімді болды. Көптеген қазақстандықтар автокөліктер мен техникаларды сатып ала бастады. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке қарағанда, 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларында қазақстандықтар Ресейден 22 мың автокөлік алып келген, олардың шамамен үш мыңы Астанаға әкелінді. Бұдан кейін ақпарат құралдары Ресейде белгісіз біреулердің қазақстандықтарға шабуыл жасап жүргендігі және отандастарымыздың із-түссіз жоғалып кетіп жатқандығы жайлы хабар таратты. ҚР ІІМ өкілдері Ресей жолдарындағы тонау мен қарақшылық шабуылдар жайлы ақпаратты растамады, олардың айтуынша, мұндай дерек тіркелмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети