15 ақпан 2017 16:31

58 миллион теңгенің әшекейлерін ұрлаған үй жинаушыға бірден рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mk.ru © mk.ru

Жалдамалы үй жинаушы пәтер иесінің құны 58 миллион теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жалдамалы үй жинаушы пәтер иесінің құны 58 миллион теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, айыпталушы 2016 жылдың көктемінен бастап табыс тауып келген. Ол танымал сайттардың біріне үй жинайтыны туралы хабарлама орналастырған. Жаз кезінде зардап шеккен әйел оны екі рет шақыртқан. Пәтерді жинастырып жүріп, ол үй иесінің 58 миллион 182 мың теңге тұратын зергерлік заттарын ұрлаған. Әшекейлер ашық жерде тұрған. Бірінші рет ол сақиналарды алып кеткен, ал кейін өзге әшекейлерді қолды еткен.

Содан ол үйден шығу үшін пәтер иесіне қоңырау шалып, асығыс кету керектігін айтқан және қосымша кілттердің қайда екенін сұрайды. Осыдан кейін ол кілтті сұлулық салонында отырған үй иесіне беріп, жұмысын келесі күні аяқтайтынын айтқан. Алайда осыдан кейін ол ізім-ғайып болған және қоңырауларға жауап бермеген. Тек бірнеше күннен кейін оның күйеуі қоңырау шалып, әйелінің аяғын сындырып алғанын айтқан. Тағы бірнеше күн өте ол үйді жинауға қайта келген. Үй иесі бағалы заттарының жоғалғанын осыдан кейін ғана білген. 

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындамады. № 2 Медеу аудандық соты әйелдің мүлкін тәркілей отырып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колниясында өтеу керек болатын. Алайда апелляциялық сот оған рақымшылық жасады. 

Осылайша, Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына жарияланған рақымшылық бойынша айыпталушының өтелмеген мерзімі екі есеге қысқартылды. Айыпталушы 2 жыл 3 ай 14 күнін темір тордың арғы жағында өткізеді. Үкімнің өзге тұсы өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, сот зардап шегушінің пайдасына 58 миллион 182 мың теңге, мемлекет пайдасына 581 820 теңге және сараптамаға жұмсалған 13 326 теңгені өндіріп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети