Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

EXPO-2017 экс-басқарушы директорының қамаудағы мерзімі ұзартылды

11 Тамыз 2015, 11:43
0

EXPO-2017 экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинховтың қамаудағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың №2 Алматы аудандық соты тергеушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" пунктінде қарастырылған қылмысты жасау бойынша күдікті Баркинхоев Суламбекке қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы прокурор қолдауындағы өтініші қанағаттандырды", - делінген елорда сотының баспасөз хабарламасында. 

Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі үшінші айға, яғни 17 қыркүйекке дейін ұзартылды.

"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауға алынғаны жайлы биылғы маусымда белгілі болды. Сол кезде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі оның "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында ұсталғанын хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай