19 қаңтар 2017 16:15

Facebook желісінде рулық араздықты қоздырған шымкенттік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fishki.net © Fishki.net

Facebook желісінде рулық алауыздықты қоздырған шымкенттік сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Facebook желісінде рулық алауыздықты қоздырған шымкенттік сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы Facebook әлеуметтік желісінде өзінің танысының жеке парақшасына кіріп, "Қоңырат" руының қыздары туралы мақаланы оқыған. Аталған мақала сотталушыға ұнамай, ол жауап ретінде "Дулат" руына қатысты өзінің жағымсыз жеке пікірлерін жазған.

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен азамат ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети