28 қаңтар 2014 14:47

Travel Express қызметкерлеріне жасалған шабуылды тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Тengrinews.kz Оқиға орны. ©Тengrinews.kz

Travel Express кәсіпорны қызметкерлеріне жасалған шабуылды тергеу аяқталды, бұл туралы Tengrinews.kz Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды. Еске салайық, қыркүйектің 26-сы күні сағат 09.30-да Сәтбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында Travel Express компаниясының ақша тасымалымен айналысатын қызметкерлеріне шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан қызметкерлердің бірі оқ жарақатынан қайтыс болды, екіншісі ауруханаға түсті. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, Travel Express қызметкерлері де атысқан, шабуылшылар олардың қолындағы ақшаны алып кете алмады. Бұл факті бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған еді. Прокуратураның мәліметінше, О.Крылов пен А.Сивченко өз машиналарына таяп қалған сәтте арттарынан белгісіз біреулер келе қалған. Қызметкерлердің қолындағы сөмкеде 900 доллар және 14,4 млн теңгеге жуық ақша болды. Шабуылшылардың бірі Крыловтың самайына тапаншасын тақап, ақшасы бар сөмкені алуға тырысқан. Крылов сөмкені арыққа тастай салып, шабуылшыға қарсылық көрсетпек болады, сол кезде шабуылшы оны атып түсірген. "Онымен бір мезгілде екінші шабуылшы өз тапаншасынан Сивченкоға қарай оқ атқан. Сивченко болса, өзінің "Оса" травматикалық тапаншасынан қарсы оқ атады, атыс кезінде Сивченко жарақат алды. Оғы таусылған қарсыластар ақшаны алып үлгермей, оқиға орнынан қашып кетеді", - деп түсінік берді прокуратура қызметкерлері. Прокурорлардың айтуынша, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұл оқиғаға қатысты қылмыс толық ашылды. "Шабуылшылар ұсталды, ал заттай айғақтар - травматикалықтан ұрыс қаруына айналдырылған екі тапанша тәркіленді", - деп хабарлады прокуратура өкілдері. Тергеу барысында күдіктілердің бірінің 2011 жылдың 13 наурызында Пәкістанның екі азаматына қарақшылық шабуыл жасағаны белгілі болды. "2014 жылдың 27 қаңтарында айыптаушыларды сотқа жіберу үшін қылмыстық іс айыптау қорытындысымен қалалық прокуратураға келіп түсті", - дейді прокуратура қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети