WhatsApp-та кішкентай қыздан газды ашып қоюын сұраған әйел жайлы аудио тарап жатыр

27 Шілде 2018, 17:30
0
WhatsApp-та кішкентай қыздан газды ашып қоюын сұраған әйел жайлы аудио тарап жатыр - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

WhatsApp әлеуметтік желісінде белгісіз әйел 7 жасар қыздан газды екі сағатқа қосып қоюын сұрағаны жайлы аудио тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол газ қызметінің жұмыскері болып танысып, қыздан үйден кім барын сұрап, газдағы отты екі сағатқа жағып қоюын талап еткен. Бұл ісін газ құрылғысын тексеру мақсатында жасап жатқанын ескертеді. 

ҚР Ішкі істер департаментінде бұл аудиожазбаға қатысты пікір білдіріді. 

"WhatsApp мессенджері арқылы қыздан қауіпті әрекет жасауды сұраған қызметкер туралы жалған аудио таралды. ІІД өкілдері бұл ақпараттың жалған екенін ескертеді, әлеуметтік желідегі хабарламаларға сенбеуді сұрады", - деді ведомство өкілдері. 

ҚР ІІД өкілдері қазақстандықтарға, жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық істер қодексі бойынша жауапкершілікке тарту жазасы барын айтып ескертті.  

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай