Абақтыда зорланған әйелдің адвокаты оны қайта қорғайтын болады

19 Қыркүйек 2016, 15:23
0
Абақтыда зорланған әйелдің адвокаты оны қайта қорғайтын болады - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Абақтыда зорланған Наталья Слекишинаның ісімен қайтадан адвокат Айман Омарова айналысатын болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Айман Омарованың өзі айтты.

Оның айтуынша, Слекишина осыған дейін аштық жарияламақ болған, алайда прокуратура өкілдері бұл іске араласқан. "Прокурормен кездесу барысында Слекишина оған осыған дейін қысым көрсетілгенін және сондықтан оның менің қызметімнен бас тартқанын айтты. Қазір жағдай тұрақталды. Слекишина менің бұл іспен әрі қарай айналысып, оның құқығын қорғауды жалғастыруымды сұрады", - деді адвокат Омарова.

Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша, прокуратурадағылар бұл өтінішті сотқа жіберді. Адвокат келесі сот отырысында Руслан Хакимовтың тағы қай баптар бойынша айыпталатыны айтылады деп болжап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Омарова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Слекишинаның хатын жариялаған болатын: "SOS! Наталья Слекишина көмек сұрап жатыр!". Слекишина өзінің хатында Омаровадан оны тастап кетпеуін және оны адвокаттың қызметінен бас тартуға мәжбүрлегенін жазған еді.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.

Кейінірек ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай