14 шілде 2016 09:46

Абақтыда зорланған әйелдің адвокаты іске қатысты жаңа деректерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"КТК" телеарнасынан алынған кадр "КТК" телеарнасынан алынған кадр

Абақтыда зорланған Наталья Слекишинаның адвокаты шулы іске қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Істің мән-жайын белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова айтып берді.


Абақтыда зорланған Наталья Слекишинаның адвокаты шулы іске қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Істің мән-жайын белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова айтып берді.

Қамаудағы Наталья Слекишина айыптап отырған түрменің төрт қызметкерінің біреуі де күдікті деп танылмаған. Сонымен қатар, төрт айыпталушының екеуі түрмеде қызмет етпейтіні анықталды. Яғни, біреуі өз еркімен қызметтен кетсе, екіншісі зейнетке шыққан екен. Бірақ Айман Омарова осы қылмысқа қатысы бар тек екеуін емес, бұл қылмыстың болғаны жайлы білген адамдарға да, яғни төртеуіне де жаза қолданылуын қалайды. Егер, әрине, тергеуші мұнымен айналысатын болса осы іс тағы бір бап бойынша қаралады.

Сонымен қатар, адвокат төрт түрме қызметкерінің әлі күнге дейін ресми түрде күдікті деп танылмағанына наразы. Сондықтан ол тергеушінің осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша істі қарауын мақсат етіп отыр.

"Қазір біз Наталья Слекишина айыптап отырған адамдарға қатысты "Қамау" бұлтартпау шарасын қолдануын және оларды күдіктелер деп тануын талап етіп отырмыз. Біріншіден, Қылмыстық Кодекстің 120-бабы ("Зорлау") ауыр баптардың бірі. Екіншіден, Наталья мен басқа да сотталған әйелдердің арасында қиындықтар туып жатыр. Біз Натальяға қатысты барлық қауіпсіздік шараларының қолданылуын сұраймыз. Сонымен қатар, біз тергеушінің осы істі ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабы ("Азаптаулар") бойынша қарауын талап етеміз. Бізде бұған негіз бар. Себебі, Наталья түрмедегі ережелерге сәйкес емес бұйрықты орындаудан басты. Сол себепті оны зорлау арқылы жазалаған болуы да мүмкін", - деді жәбірленушінің адвокаты. (Дереккөз: КТК)

Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. 

Қазір айыпталған 4 қызметкер де жұмыс орнына емін-еркін келіп жүр. Ал, түрмеде отырған әйелді зорлағандары дәлелденсе, қызметтен қуылып қана қоймай, тиісті жазаға тартылатын болады. Бірақ, бұл Наталья Слекишинаның жазасын жеңілдетуге көмектеспек емес. Яғни, ол қандай жағдайда да тиісті 8 жыл мерзімін өтеп шығуға міндетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети