07 қыркүйек 2017 09:32

Абақтыда зорланған Наталья Слекишина 3 миллион теңге өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наталья Слекишина Наталья Слекишина

Алматыдағы тергеу абақтысында зорланған Наталья Слекишина 3 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды КТК


Алматыдағы тергеу абақтысында зорланған Наталья Слекишина 3 миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды КТК

Телеарна мәліметінше, бұл соманы Руслан Хакимов өндіріп береді. Слекишинаның туып алған қызының әкесі осы Хакимов болған. Түрме қараушысы болып жұмыс істеп, ал қазір темір торға тоғытылған ол енді осы ақшаны сол жақтан төлеуі тиіс. Колонияда ол жұмыс тауып алыпты. 

Сонымен қатар, Слекишина мен оның адвокаты алимент төлеткізетін де болыпты. Бұл жалақының 25 пайызы (Дереккөз - КТК). 

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Сөйтіп, Руслан Хакимов 9 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысы Ермек Омарбековтің ісі бойынша сот тыңдауы өтіп жатыр. Әйел оның қылмысты біле тұра, әрекет қылмағанын айтады. Айтуынша, колония басшысы тіпті зорлау дерегін жасырмақшы болған.

2017 жылдың 3 ақпанында Наталья Слекишина бостандыққа шықты. Себебі Іле аудандық соты әйелге қатысты жазаны бес жылға кейін өтеу туралы шешім шығарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети