31 қаңтар 2017 12:12

Абақтыда зорланған Слекишина бостандыққа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наталья Слекишина. © Tengrinews.kz Наталья Слекишина. © Tengrinews.kz

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сотының сот алқасы Наталья Слекишинаның бұрынғы қайын енесінің жазаны өтеуді кейінгі шегеруге қатысты наразылығына қатысты арызды қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сотының сот алқасы Наталья Слекишинаның бұрынғы қайын енесінің жазаны өтеуді кейінгі шегеруге қатысты наразылығына қатысты арызды қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Наталья Слекишинаның адвокаты Айман Омарова қорғалушысының жазасын кейін өтеуіне қатысты істе жеңген болатын. Алайда сотталушының бұрынғы қайын енесі бұл шешімге наразылығын білдірген болатын.


Слекишинаның бұрынғы қайын енесі. © Tengrinews.kz

Алайда бүгін Талдықорғандағы сот Наталья Слекишинаның жазаны кейінге өтуге қатысты шешімін сол күйде қалдырды. Осылайша, Слекишина бостандыққа шығады. Сондай-ақ, Айман Омарова соттың үкіміне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірленуші сол Слекишина болып шығады. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған. Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын. 

Осыған дейін, Түрксіб аудандық соты 37 жастағы ЛА-155/18 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырған еді. Сотталушының мүлкі тәркіленіп, майор атағынан айырылды. Сонымен қатар, Хәкімовке өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот үкімін судья Айсара Жылқыбаева шығарған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети