Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Абақтыда зорланғанын мәлімдеген әйел түрме қызметкерінен бала босанып алған

01 Шілде 2016, 11:12
0
"КТК" телеарнасының кадры
"КТК" телеарнасының кадры

Наталья Слекишинаны зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс фигурантының молекулярлық сараптамасы оң нәтиже берген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаев хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, оқиға оның тергеуде қамауға алынған кезінде болған. Ол өзін Алматы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінің төрт қызметкері жабылып зорлады деп айыптаған еді.

Айта кетейік, осыған дейін ІІМ өкілдері 2015 жылдың қазанында Алматы ІІД-ге "Қарақшылық" бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылған Наталья Слекишинадан Алматы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 155/18 мекемесі қызметкерлерінің тамыз айында өзін зорлағаны туралы арыз түскені анықталды. Сол күні дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынған. Сонымен қатар, Алматы прокуроры қылмыстық істі тергеуді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырған. "Тергеу кезінде Слекшина осы мекемеде болған кезде жедел бөлімнің инспекторы мен уәкілі, сонымен қатар, екі бақылаушының өзімен жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Дегенмен, бұл қызметкерлер сотталушыны зорлау ісіне қатысы бар екенін жоққа шығарды. Сондықтан да, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет бала туылғаннан кейін сот-молекулярлық және генетикалық сараптама тағайындау үшін тергеу уақытын ұзартты", - деген еді ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері қазіргі уақытта екі қызметкердің жұмысты жалғастырып жатқанын, біреуінің зейнетке шыққанын, ал екіншісінің өз қалауымен жұмыстан шығып кеткенін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Алматы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде соңғы 10 жылда осыған ұқсас оқиға тіркелмеген. Сонымен қатар, Слекишинаның 2023 жылдың 5 ақпанында босап шығатыны айтылып отыр. Ал шартты түрдегі мерзімінен бұрын босату мерзімі - 2017 жылдың 6 қазаны. 

Осыған дейін ҚАЖК өкілдері айыпталған барлық төрт қызметкердің де үйленгенін, бала тәрбиелеп отырғанын хабарлаған болатын. Қызметте олардың мінездемесі жақсы. Ал өздеріне тағылған айыпты олар жоққа шығарып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай