31 шілде 2019 10:24

"Адам саудасына қарсы бірге күресейік!". БҚО-да жасөспірімді жезөкшелікке тарту дерегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Шілденің 30-ы Біріккен Ұлттар Ұйымымен дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып жарияланды. Осыған сәйкес БҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Адам саудасына қарсы бірге күресейік!" атты іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шілденің 30-ы Біріккен Ұлттар Ұйымымен дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып жарияланды. Осыған сәйкес БҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Адам саудасына қарсы бірге күресейік!" атты іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылдың басынан адам саудасына қарсы күрес бағыты бойынша 4 дерегі тіркелді. Оның ішінде 1 дерек жасөспірімдерді жезөкшелікке тарту, 1 факті жезөкшелік қызметіне тарту және жеңгетайлықпен айналысу бойынша 3 дерек тіркелді. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлімі (жыныстық сипаттағы қызмет ұсыну мақсатында қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 17 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес БҚО аумағында тоқсан сайын "STOP трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты - жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәдени ағарту және іс-шараны ақпараттық-насихаттау болып табылады. Аталмыш іс-шара демалыс уақытында жүрген оқушы балалар үшін "Еуразия" сауықтыру кешенінде, "Самал" жасөспірім лагерінде және жетім балалар тәрбиеленетін балалар ауылында ұйымдастырылды.

Шараға БҚО Білім басқармасының бас маманы А.Залмұқанова және адамдардың құқығын қорғау және заңдылықты сақтау қазақстандық халықаралық бюросының батысқазақстандық филиалының директоры П.Кочетков қатысып, тақырып аясында балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейін оқушыларға тағдыр тәлкегіне түсіп, адамның арбауында қалған қыздың өмірі жөнінде бейнеролик көрсетілді. Шара соңында адам саудасының алдын алу мақсатындағы үлестірмелі парақшалары таратылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети