19 мамыр 2017 23:25

Адамды қағып өлтіріп алған полковниктің ұлы жауапкершіліктен құтылмайды - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен полковниктің ұлы жауапкершіліктен құтыла алмайтынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Полицейлер жаяу жүргіншіні қағып кеткен полковниктің ұлы жауапкершіліктен құтыла алмайтынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметі бойынша, сараптама қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады. Қазір заң бойынша ер адам бостандықта жүр. "ЖКО-ға күдікті жүргізуші оқиға орнынан жасырынған жоқ. Жедел жәрдемді өзі шақырды. Қазір оның бостандықта болуы заңға қайшы емес", - дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Күдіктінің әкесі ОҚО ІІД-нің жедел жоспарлау бөлімінде қызмет ететіні белгілі болды. 

Айта кетейік, 1 мамырда түнгі уақытта жолдан өтіп бара жатқан Николай Саркисянды көлік қағып кеткен. Жүргізуші жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Болған жаңдай бақылау камераларына түспеген. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Ал марқұм Николай Саркисянның туыстары оларға ақша беріп, кешірімін алуға тырысып жатқанын айтады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети