Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Адамжегіш Николай Жұмағалиевтің Ақтөбеде қызды өлтіргені дәлелденді

27 Желтоқсан 2014, 00:15
0
Николай Жұмағалиев. ©molomo.ru
Николай Жұмағалиев. ©molomo.ru

Белгілі адамжегіш Николай Жұмағалиевтің 24 жыл бұрынғы құрбанына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сараптамашылар 1990 жылы Ақтөбеде өлтірілген қыздың денесіндегі биологиялық үлгілердің әйгілі каннибалға тиесілі екенін дәлелдеді. 

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу аяқталды, қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша аталған іс Николай Жұмағалиевке қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолданатын болады.

"Қазіргі уақытта осы 24 жыл өткеннен кейін ашылған кісі өлтіру қылмысымен байланысты іс бойынша көптеген сұрақтар туындап отыр", - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл жантүршігерлік оқиға 1990 жылдың 28 шілдесінде болған. Сол кезде Ақтөбе облысы прокурорының міндетін атқарушы Чернов қылмыстық іс қозғаған, ол уақытта жеке тұлғаға қарсы жасалған аса ауыр қылмыстарды тергеуді прокуратура органдары жүзеге асырғандықтан, аталған істі тергеуді Ақтөбе қаласы прокуратурасының тергеушісі жүргізген.

Тергеуші сот-медициналық сараптамасын тағайындау кезінде сарапшыларға қажетті биологиялық үлгілерді, оның ішінде, жәбірленушінің тырнағын, басының бестен бір бөлігіндегі шашын кейіннен молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізу кезінде пайдалануға болатындай етіп алуды тапсырады. Бірақ ондай зерттеу жүргізу арада 24 жыл өткенде ғана мүмкін болады.

"Жұмағалиевтің "қолтаңбасының" (бас кесу) болуына байланысты бұл қылмысты ол жасауы мүмкін деген болжам бойынша тексеру жүргізілді, алайда жәбірленушінің денесінде анықталған биологиялық үлгілердің Николай Жұмағалиевке тиесілі екенін сараптамашылар анықтағаннан кейін тек қазіргі уақытта ғана біз оның дәлелденгені туралы айта аламыз (теориялық тұрғыдан алғанда генетикалық сипаттамасының сәйкес келуі жүз миллиардтан бір болуы мүмкін)", - делінген хабарламада. 

Қазір Николай Жұмағалиев арнаулы психиатриялық ауруханада, жасы 62-де, зейнеткер жасында, алайда қазіргі уақытта оны босату мәселесі қаралып жатқан жоқ. Керісінше, сот қарауының нәтижесі бойынша оның одан әрі емделуі туралы жаңа қаулы шығарылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде студент қыздың өліміне қатысты жаңа деректердің 24 жылдан кейін анықталғаны хабарланған еді. Тергеушілердің мәліметінше, жас қызды белгілі каннибал Николай Жұмағалиев өлтірген. Бірнеше жылдан бері Алматы облысындағы "Ақтас" психиатриялық мекемесінде емделіп жатқан маньяктың палатасына онымен бірге шұғыл іздестіруші қызметкерлердің бірі қылмыскер кейпінде жатқызылады. Сол кезде адамжегіш адам өзінің Ақтөбеде жасаған қылмысы туралы айтып берді. Ол өз құрбанын бір жеке үйдің терезесінен аңдыған. Қыз киім ауыстырып жатқан кезде қылмыскер үйге кіріп келіп, оны бауыздап салады, денесін бұтарлап, бір бөлігін өзімен бірге алып кетеді. Марқұмның денесіндегі жарақаттардың сипатына қарап, күдік бірден Жұмағалиевке түскен. 

Сөйтіп, әйгілі маньяк құрбандарының қатары он адамға жетті. Полицияның мәліметінше, Жұмағалиев өз құрбандарын 1979-1991 жылдар аралығында өлтірген.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай